Экология және өмір қауіпсіздігі


Ядролық қарудың түрлері зақымданған ошақтарына түсінік



Pdf көрінісі
бет56/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Ядролық қарудың түрлері зақымданған ошақтарына түсінік. 
Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері шектегі алаң. Аварияның 
ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объектілердің үлгісіне 
ҚӘУЗ-түріне, оның ерекшелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның ауа-райы 
жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты. Химиялық қауіпті 
объектілердегі басты зақымдағыш фактор аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын 
аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады. 
Химиялық қауіпті объектілердегі авариялардың қайтарымды факторы ретінде жарылыстар 
мен өрттер болуы мүмкін. Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған
кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді. Ядролық зақымдау ошағы шартты 
түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді бірінші аймаққа сыртқы шекараға 0.5 кг/см 
жоғарырақ қысыммен толқынының әсерінен ұшыраған зақымдану ошағының аумағы 
жатады. Екінші аймақ (қатты қирау) 0.5-0.3 кг/см соққы толқынының артық қысымымен 
сипатталады.Бұл аймақта тас ғимараттар қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы 
мүмкін, үйінділер пайда болып өрт шығуы да мүмкін. 
Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0.3-0.2 кг/см соққы толқынының артық қысымымен 
ғимараттар мен тұрақты жайлар ішінара қирауымен сипатталады көптеген қорғаныс 
ғимараттары сақталынады, онда тұрған адамдар зардап шекпейді. 
Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0.2-0.1 кг/см толқын соққысының артық қысымымен 
сипатталады бұл аймақта ғимараттар мен тұрақ жайлардың қирауы сирек. 
Химиялық қаруға түсінік 
Ауадағы, жердегі, техникадағы және басқа объектілердегі улы заттарды анықтау 
химиялық барлау приборлары көмегімен немесе сынақ алу және оны артынша химиялық 
лабараторияда талдау жолымен жүргізіледі.Барлық приборлардың жұмыс принциптері 
индикацияның химиялық әдісімен негізделген.Ол бойынша улы заттар реактивпен 
ықпалдасқан кезде реактивтің түсі өзгереді, ал егер реакция сұйық ортада жүргізілсе ылғал 
түзеді

Әскери химиялық барлау приборы. Ауадағы жердегі және техниканың үстіндегі улы 
заттарды табуға арналған, ол корпусқа қақпақпен және тасуға арналған белбеумен 
бекітілген корпуста қол насосы, насостың саптамасы индикаторлы түтікшесі бар үш қағаз 
таспасы, түтіннен қорғайтын сүзгі, қорғаныс қалпақшалары, шам, жылытқыш және оның 
патрондары орналасады.Корпустың сыртына сынақты іріктеуге арналған күрек бекітіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет