63
ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Жергілікті зақымдау электр тогы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күюінен көрінеді.
Токтың соғуы-организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын
күрделі химиялық-физикалық құбылыс. Электр тогы өткен кезде зардап шегушінің жеке
түсінулері әртүрлі:
жеңіл соққы, дененің ұйып ашуы,
бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.
Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы,
сілекейдің көп бөлінуі, құстың келуі, жүрек
төңірегінің сырқырауы. Токтың әсерін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды бүкіл
денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.
Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тогының әсері нәтижесінде пайда
болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Ток соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық
еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тогы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға
түседі.
Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйді
бастан
өткереді.
Естен айырылу, дене температурасының төмендеуі,
тыныс алуының тоқтауы, жүрек
қызметінің әлсіреуі, дененің құрысуы.
Токтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы "ток ілгегі" деп
аталады. Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып бөлінеді.
Төменгі ілгек- аяқтан - аяққа (онша қауіпті емес).
Жоғарғы ілгек- қолдан- қолға (қауіптірек).
Толық ілгек — өте қауіпті. Бұл жағдайда ток міндетті түрде аяқ - қол мен жүрек арқылы
өтеді, нәтижесінде жүрек кызметі бұзылуы мүмкін.
Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:
/ —
дәрежеде
зардап шегуші есінен айрылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
// —
дәрежеде
зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;
III- дәрежеде
зардап шегушіде есінің айырылуымен қатар жүрек қызметі мен тыныс
алуы бұзылады;
ІҮ- дәрежеде
зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.
Достарыңызбен бөлісу: