Жаралар инфекциясы Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып,
ұлпалардың механикалык зақымдануынан пайда болады. Жаралар жеңіл және қатты болып
бөлінеді.
Қатты жарақаттану кезінде терінің астындағы клеткалар ғана емес сондай-ақ бұлшық
ет, сүйек, нерв, сіңір, байлам, ірі қан тамырлары зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің
ішіне — кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі мүмкін; осындай бойлай
салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды.
Сүйектің сынуы. Сүйектің сынуы бұл оның тұтастығының бұзылуы, ішінара (сүйектегі жарқыншақ) немесе
толық сынуы мүмкін. Сүйек сынған жердегі терінің зақымданған немесе зақымданбағандығына
байланысты сүйектің сынуы ашық және жабық деп аталады.
Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сынықтарға жұқпалы аурулар тез таралады және
іріндеу-қабыну процессінің дамуымен ушыға түседі.
♦ сүйек сынған жердің сырқырауы;
♦ аяқ-қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы;
♦ сүйек сынған жердің канталауы мен домбығуы;
♦ аяқ-қол қызметінің бұзылуы;
♦
буындар арасындағы аяқ-қол төңірегінің бойындағы қозғалыстың
қалыпсыздығы.
Ашық сынық кезінде:
♦
аяқ-қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы;
♦
жарада сүйек жарқыншақтарының болуы;
♦
жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс;
♦
аяқ-қолды қозғалтқан кездегі сырқырау.
Жабық сынық кезінде тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмайды, ашық сынық
кезінде сүйек сынған жерде жарақат болады. Алғашқы медициналық көмек кезінде сүйек
сынған жерді қозғалтуға болмайды.
Сүйектің таюын болдырмау үшін жарақатқа таңғыш қою мақсатында киім мен аяқ
киімді шешуге, оларды кесуге және сынған жерді босатуға болмайды. Егер ашық сынық
кезінде қан ақса, оны тоқтатқаннан кейін, жараға тазартылған таңғыш қою қажет. Ашық
және жабық сынық кезінде сырқатты басатын дәрі-дәрмек беріліп, бұдан кейін табельдік
немесе қолда бар құралдардың көмегімен иммобилизация жүргізу қажет.
Сырқатқа қарсы дәрі-дәрмекті егу жеке қобдишадағы немесе үй қобдишасындағы
анальгетиктерді, шприц-түтіктерді (анальгин пенталгин, трепан, баралгин және т.б.)
қолдану арқылы жүргізіледі