Улану белгілері: дененің жалпы ауруы, бастың ауруы және айналуы, қалтырау, демігу,
мазасыздық
жағдайды селқостық ауыстырады, тердің қатты шығуы, көзден жас ағу және мұрыннан су
сорғалау, жүрек айналасының шаншуы, температураның көтерілуі (38 градусқа дейін).
Алғашқы медициналық көмек -
шаққан жерге кез-келген өсімдік майын жағу;
-
шаққан жерге ыстық қыздырғыш кою;
-
анальгин мен антигистаминдік дәрі- дәрмектер ішу (супрастин, димедрол,
пипольфен);
- зардап шегушінің жағдайын кәсіби бағалау және соған байланысты сырқатты жазу
мен жалпы улануды емдеу шараларын тандау қажеттігінен жедел дәрігер шақыру.
Ауруханаға зардап шегушінің жағдайы өте ауыр болғанда ғана жөнелтіледі.
Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады. Адамдарды қарақұрттың шағуы көктем мен
жазғы уақытта жиі кездеседі. Қарақұрттың уы орталық жүйке жүйесіне есер етеді. Шаққаны
білінбейді. 10-15 минуттан кейін дененің бойына қатты сыздау жайлайды. Улану 4-12 күнге
созылады және зардап шегуші айыққанан кейін көп уақыт бойы өзін әлсіз сезініп, жылдам
шаршайды.
Улану белгілері: бұлшық еттің қатты әлсіреуі, қозғалыс ырғағының бұзылуы, аяқ- қолдың,
белдің сырқырауы және іштің ауруы, көздің қабағында ісік пайда болуы мүмкін, жоғары
температурада (39 градусқа дейін) қалтырау, тердің қатты шығуы, қысымның көтерілуі, адам
кейде жүре алмай, өз аяғынан тұра алмайды.
Алғашқы көмек. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге
қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.
Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу
мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
Жарақаттар, сүйектің сынуы, қан ағу, күю, электр жарақаты. Асептика және антисептика Жарақаттар — бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің
— аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің
сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен
61
ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсері механикалық, техникалық,
химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр ток), психикалық
(қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалык әсерлерден болады,
сіңірдің созылуы буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).