52
Төтенше жағдайлар деп - табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне,
экономикаға,
әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада
ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың
өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне нұқсан
келтіруге әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін)
шұғыл
шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық – қайта
өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік), табиғатта және
экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынымен (көлемділігімен)
сипатталады да, жеке (бір кәсіпорнының жекелеген жүйесінде), объектілік,
жергілікті,
аймақтық және глобальды болып бөлінеді, сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат
(катастрофа) деп аталады. Экологиялық апатты қасірет деп те атайды, мысалы, Арал
қасіреті. Басты белгілеріне шығынның ауырлығы және адам құрбандарының болуы жатады.
Авария деп көбіне адам өлімі жоқ оқиғаларды айтады. Стихиялық
апат әдетте көлемді
сипатта болады, сондай-ақ, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық және басқа да
жағдайлардың себебімен түсіндіріліп (табиғи өрттер, жаппай көпшілік аурулар) көбіне
техногенді сипаттағы авариялар мен апаттардың пайда болуына әкеледі. Экологиялық
апаттар тұрғылықты жерде көптеген жағымсыз өзгерістерді туындатады, сондай-ақ әдетте
тірі организмдердің өліміне (құстар, балықтар мен көптеген басқа жануарлар) әкеледі; олар
стихиялық құбылыстардан да, техногенді авариялардан да өрістеуі мүмкін.
Авариялар мен апаттардың мінездемелерін, олардың
зақымдану ошақтарының
ерекшеліктерін білмей, пайда болған себептерін түсінбей, ауыртпалықты алдын алу және
салдарын ойдағыдай жою мүмкін емес десе болады.
Достарыңызбен бөлісу: