Реферат Химияның негізгі заңдары мен түсініктері


ж француз ғалымдары П. Дюлонг және А. Пти



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата23.02.2023
өлшемі214,7 Kb.
#169951
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
DOC-20221017-WA0085.

1918 ж француз ғалымдары П. Дюлонг және А. Пти
тәжірибеде, барлық 
қатты денелердің жылусыйымдылықтары жеткілікті жоғары температурада 
тұрақты шама екендігін және оның температураға тәуелді еместігін, сонымен 
бірге оның шамасын 25 Дж/моль К екендігін анықтаған. 
Мұның мағынасы: кезкелген қатты денені бір градус кельвинге қыздырғанда, 
оның әрбір атомы бірдей энергия мөлшерін жұтатындығын көрсетеді. Бұл 
заңды, классикалық физика тұрғысынан, Больцманның энергияның 
бірқалыпты таралуы туралы теоремасына негізделіп түсіндіріуге болады: 
«Жылу тепе – теңдігінде болатын жүйенің әрбір еркіндік дәрежесіне орташа 
энергия сәйкес келеді.» 
Бұл теорема қалыпты және жоғарғы температурада орындалады, бірақ 
тәжірибемен төменгі температурада дәлелденбейді (орындалмайды). 
Осы заңға сәйкес, мұндай жүйенің орташа энергиясы еркіндік дәрежесін ге 
көбейткенге тең. Онда идеал газдар үшін орындалатын мұндай нәтижені 
өзара әсерлесетін бөлшектер жүйесі үшін қолдануға болады, егер өзара 
әсерлесу күштері гармониялық болса, яғни Гук заңына бағынатын болса. 
Мұндай жағдайда үлгі ретінде (модель), кристалл торының түйіндерінде, 
атомдары тепе – теңдік (орнықты) жағдайының төңірегінде аз тербеліс 
жасайтын қатты денені алуға болады. Әрбір атом көршілеріне тәуелсіз үш 


өзара перпендикуляр бағыттарда тербеледі, яғни олар үш тәуелсіз тербелмелі 
еркіндік дәрежесіне ие болады. Мұндай атомды үш сызықты гармониялық 
осциллятордың жиынтығына ұқсастыруға болады. Осциллятордың 
тербелістері кезінде біртіндеп кинетикалық энергияның потенциалдық 
энергияға түрленуі (айналуы) және потенциалдық энергияның кинетикалық 
энергияға түрленуі орындалады. Бір еркіндік дәрежеге келетін – Больцман 
тұрақтысы) тең кинетикалық энергия тұрақты болып қалатындықтан, 
осцилятор орташа толық энергиясы, кинетикалық және потенциалдық 
энергияның қосындысына тең және ол өрнегін құрайды. 
Егер кристалл N атомдардан тұратын болса ( ) , онда әрбір атомда үш 
тербелмелі еркіндік дәрежесі болатындықтан кристалл тең еркіндік дәрежесі 
бір жүйе болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет