Реферат Химияның негізгі заңдары мен түсініктері



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата23.02.2023
өлшемі214,7 Kb.
#169951
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
DOC-20221017-WA0085.

1.
Бас квант саны
–n, деңгей нөмірін көрсететін бүтін сан , ол берілген 
знергетикалық деңгейдегі болатын электрондардың энергиясын 
сипаттайды.Энергетикалық деңгейдегі электрондардың ең көп саны деңгей 
нөмірінің екі еселенген квадратына тең шама, яғни 
N = 2n2 , мұндағы
N- электрондар саны; n- деңгейдегі нөмірі немесе бас квант саны. 
2. Орбиталь квант саны
–ℓ, электрон бұлтының пішінін және электрон қай 
деңгейде болғанын көрсетеді. Ол бас квант санына тәуелді және 0-ден n-1ге 
дейінгі бүтін сандар мәнін қабылдайды. 
Қорытынды: Деңгейдегі деңгейше саны деңгейдің нөміріне тең. 1-ші
деңгейде 1 деңгейше, 2-ші деңгейде екі, 3-ші деңгейде үш деңгейше, 4-ші 
деңгейде төрт деңгейше болады. Оларды S, P, D, f - әріптерімен белгілейді.
Деңгейшелер ұяшыққа бөлінеді. 
3. Магнит квант саны
көрсетеді – me. Бұл санның мәні электрон бұлтының 
кеңістікте орналасуын көрсетеді және кез-келген бүтін мәнді сандар болады. 


Магнит квант саны орбиталь квант санына тәуелді. Магнит квант саны - 1ден 
0 арқылы +1ге дейінгі мәндерді қабылдайды. 
Дальтонның атомдық теориясы 
Aтом мен молекула түсініктеріне нақты анықтама беріліп, атом-молекулалык 
ілімнің негізі 1860 жылы қаланған. Германияның Карлсруэ қаласында 
химиктердің халықаралық съезінде осы ілім қабылданды. 
Заттың қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек «молекула» деп аталатыны 
сендерге белгілі. Ал молекулалар атомдардан тұрады. Молекулалар 
химиялық реакциялар кезінде бөлінеді, ал атомдар бөлінбейді. 
Темір ұнтақтары мен күкірт арасындағы реакцияны қарастырайық. 
Ұнтақталған темір қара-сұр түсті магнитке тартылатын қатты зат, ал күкірт 
сары түсті ұнтақ. Енді осы ұнтақтарды араластырып алып магнитті 
жақындатсак, темір магнитке тартылады да күкірт қалып қояды, яғни 
қоспаның құраушылары өз қасиеттерін сақтайтынын көреміз. Енді дәл 
осындай қоспаны көрлен табақшаға салып кыздырсақ (белгілі бір салмақ 
қатынасын сақтап) қоспа түсін өзгертіп, қара түсті біртекті массаға айналады. 
Мұндағы темір магнитке тартылмайды, яғни қыздыру нәтижесінде темір мен 
күкірт өзара әрекеттесіп жаңа затка айналғанын кереміз. Реакцияға қатысқан 
темір ұнтактары мен күкірт бірдей атомдардан құралған жай заттар болса, 
реакция нәтижесінде алынған темірдің күкіртпен қосылысы күрделі зат, ол әр 
түрлі атомдардан тұрады. 
Жай зат бірдей атомдардан тұрады. Күрделі зат әр түрлі атомдардан 
қүралады. 
Қоспа әр түрлі зат молекулаларынан, ал қосылыс бір зат молекулаларынан 
тұрады. 
Молекула заттың қасиетін сактайтын ең кіші белшегі. Aтом молекуланы 
құрайтын химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет