Күңгірт қара қоңыр топырақтардың жалпы морфологиялық белгілері мен қасиеттері
оңтүстік қара топырақтармен ұқсас болып келеді. Ал айырмашылығы тек қарашірінді
мөлшерінде ғана. Сондықтан оны Москеу университетінің профессоры М.М. Филатов 1945
жылы өзінің «СССР Топырақ географиясы» атты еңбегінде күңгірт қара қоңыр топырақты
аймақшаны, қара топырақтардың төртінші аймақшасы ретінде атады. Бірақ бұл ұсынысты
ғылыми қауым қабылдамады.
А қабаты күңгірт қара қоңыр түсті, қалыңдығы 20-22 см. түйіртпектілігі кесекті,
кесекті-дәнді, жыртылма танаптарда шаңды кесекті. Қарашірінді мөлшері 3,5-4,5%. Бір
қабаттан екінші қабатқа ауысуы қара топырақтардағыдай біртіндеп. В
1
алмаспалы қабаттың
түсі күрең түсті болып келеді, түйіртпектілігі кесекті, А+В
1
қабатының қалыңдығы 35-45 см.
В
2
қабатының қалыңдығы 11-31 см құрайды, күрең түстің қоюланғаны байқалып, кесекті,
призмалы-кесекті түйіртпекті болып келеді. Осы қабаттың астында карбонаттардың ақкөзше
тәрізді жиналған В
к
қабат кездеседі, түсі ашық, карбонаттардың әсерінен тығызыдылығының
жоғары болуымен ерекшеленеді.
Күңгірт қара қоңыр топырақтардың гранулометриялық құрамы әртүрлі болып
қалыптасады. Аймақтың басым бөлігі ауыр гранулометриялық құрамды болғанымен,
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында гранулометриялық құрамы жеңіл
құмбалшықты және құмайтты күңгірт қара қоңыр топырақтар таралған. Гранулометриялық
құрамы жеңіл күңгірт қара қоңыр топырақтарда қарашіріндінің мөлшері 2-2,5%-ға дейін
кемиді.
Күңгірт қара қоңыр топырақтардың физикалық, физико-химиялық қасиеттері қолайлы
болып келеді. Топырақтағы жалпы азот 0,200-0,250%. Қарашіріндінің азотпен қанығуы
орташа дәрежеде, фосфордың жалпы мөлшері – 0,10%. Өсімдіктерге тиімді алмаспалы сіңген
калий қоры мол, жылжымалы фосфордың мөлшері жеткіліксіз. ауыр гранулометриялық
құрамды күңгірт қара қоңыр топырақтарда алмаспалы сіңген катиондар мөлшері 100 г
топырақта – 25-30 мг-экв. болса, жеңіл гранулометриялық құрамды күңгірт қара қоңыр
топырақтарда 15-20 мг. экв. 100 г. топыраққа.
Достарыңызбен бөлісу: