Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


 Солтүстік шөл аймақшасының қоңыр топырқтары



Pdf көрінісі
бет46/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

1. Солтүстік шөл аймақшасының қоңыр топырқтары
Шөл аймағы Еліміздің териториясының жартысына жуық аумағын алып жатыр
ауданы 119,4 млн. га. батыста Атырау мен Маңғыстау облыстарының барлық аумағын, 
Оңтүстікте Қызылорда облысының барлық жер ауданын қамтыса, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, 
Қарағанды облыстарының оңтүстік бөлігін, Шығыс Қазақстан облысының біраз жерін, 
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлерін алып жатыр.
Топырақ құралу жағдайларының өзгешелігіне байланысты аймақ екі аймақшаға 
бөлінеді, қоңыр топырақты солтүстік шөл аймақшасы және сұр-қоңыр топырақты орталық 
шөл аймақшасы. 
Қоңыр топырақтардың көп бөлігі каспий маңы ойпаты мен Эмбі үстіртінде жатыр, 
солтүстік бөлігі Торғай ойпатында және оңтүстік бөлігі аласа таулы жер бедерімен 
сипатталады.
Топырақ түзуші тау жыныстары Каспий маңы ойпатында лөске ұқсас құмбалшықтар, 
сортаңданған аллювиалды көл шөгінділері және құм мен құмды-балшықты көне дәуірдің 
аллювий шөгінділері. Сарыарқа төңірегінде құба-сары карбонатты лөске ұқсас құмбалшық 
және үштік кезеңнің алапес тұздалған шөгінділері. Гранулометриялық құрамы жеңіл 
шөгінділер де көп тараған. 
Климаты күрт континенталды және өте құрғақ, жылдық орташа температурасы 5-7
0

аязсыз күндері 190 күн, осыған байланысты +10 
0
С-тан асатын белсенді температураның 
қосындысы 3400-3600
0
-қа жетеді. жылына 140-190 мм жауын-шашын түседі, оның басым 
бөлігі көктемде және біраз бөлігі күзде түседі. Атмосферадан түсетін жауын-шашынның өте 
аз болуына байланысты топырақтың ылғалдануы беткі қабаттарында ғана болады.


Қоңыр топырақтар туралы К.Д.Глинка 1923 жылы «қоныс аударушыларды басқару» 
атты экспедициясының жұмыстары барысында алғаш болып сипаттады. Бірақ А.И.Безсонов 
(1926) өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, қоңыр топырақтардың ерекше аймағының 
болуына түбегейлі қарсы болып, қоңыр топырақтардың ашық қара қоңыр топырақтардан еш 
айырмашылығы жоқ деп есептеді. 1939 жылы И.П.Герасимов қоңыр топырақтарды бөлек 
тип ретінде қарастырмай, оны аз карбонатты Боз топырақтар деп атаған болатын. 
Өсімдіктері көбінесе жусанды, ксерофитті шала бұталар мен тұзға төзімді шөптесін 
өсімдіктер кездеседі, өсімдіктер дүниесі өте сирек таралған болып, ол топырақ бетінің тек 
10-15%-ын ғана жауып жатыр.
Тек 1951-1952 жж. Каспий маңы ойпаты топырақтарын зерттеу жұмыстарынның 
барысында қоңыр топырақтарды жеке топырақ аймағы ретінде бөліп алды. Яғни қоңыр 
топырақтардың бір қатар белгілері мен қасиеттерінің ашық қара қоңыр топырақтармен 
салыстырғанда өзгешелігінің бар екенін дәлелдеді. Салыстрмалы түрде қарағанда қоңыр 
топырақтардың жоғарғы қабатының түсі ашық қоңыр-бозғылт түсті, қарашірінді қабатының 
қалыңдығы 15 см-дей, жоғарғы қабаттың түйіртпектілігі жоқ, ал ашық қара қоңыр 
топырақтарда ол ұсақ дәнді түйіртпекті.
Қоңыр топырақтар таралған аймақшада өсімдіктердің түсетін органикалық заттар 
мөлшерінің аз болуына байланысты, олардың тез минералданып топырақты органикалық 
заттармен толық қамтамасыз ете алмауынан, топырақ кескінінің қабаттарға жіктелуі әлсіз 
болады.
Топырақ кескінінің бетінде элювиальды А

қабаты орналасқан, түсі қоңыр немесе 
күлгіндеу сұр. Көп жағдайда ең беткі қабатта жұқа қабыршақ қабат кездеседі, қалыңдығы 2-5 
см. Қарашірінділі қабаттың қалыңдығы 10-15 см, оның астында қарашірінділі иллювиальды 
В

қабаты орналасқан түсі күңгірт қызғылт–қоңыр, тығыздалған, түйіртпектілігі ірі кесекті 
А
1


қабатының қалыңдығы 30-35 см. қарашірінділі иллювиальды В

қабаттың астында В
к 
карбонатты қабат орналасқан, түсі біртекті емес сарғыштау қоңыр, ақ түсті карбонат 
дақтарымен көмкерілген. Түйіртпектілігі кесекті немесе жаңғақты. Бұл қабаттың астында 
тығыздылығы кеміген, кейде ғаныш дақтары кездесетін қабат, содан кейін аналық тау 
жынысы орналасады. Ол көбінесе карбонатты, сонымен бірге сортаңданған болуы мүмкін. 
Қоңыр топырақтар тұз қышқылынан көбінесе беткі қабатынан бастап қайнайды.
Бұл топырақтарда қарашірінді мөлшері өте аз, гранулометриялық құрамы ауыр 
түршелерінде оның мөлшері шамалы жоғары (А қарашірінділі қабатында 1-2%), ал 
гранулометриялық құрамы жеңіл түршелерінде оның мөлшері 0,7-0,9%-дан аспайды. 
Алмаспалы сіңген катиондар 100 г топырақта 12-15 м-экв. олардың сіңіру кешендерінде 
үнемі сіңген натрий болады және оның мөлшері алмаспалы сіңген негіздер үлесінің 5%-дан 
көбін алады.
Бұл топырақтардың келесідей тектері бар: кәдімгідей; тереңнен қайнайтын, 
кебірленген, кебірленіп сортаңданған, сортаңданған, әлсіз жіктелген, ғанышты, шала 
дамыған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет