Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет49/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Бақылау сұрақтары: 
1. Таулы өлкелердегі топырақ таралу заңдылықтары. 
2. Тянь-Шань тауларының топырақтарына сипаттама беріңіз. 
3. Алтай тауларының топырақтарына сипаттама. 
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.
Тайжанов Ш.Т. Топырақтану және геология негіздері. - Астана: Фолиант, 2014. 
- 392 б.
2.
Кенжеғұлова С.О. Топырақтану. - С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ. – Астана, 
2016. – 106 бет.
 
10- Дәріс. 
ҚР жер қоры, топырақты қорғау, жерді қайта қалпына келтіру 
Мақсаты: Таулы аймақ топырақтараның таралу заңдылықтарымен таныстыру 
Жоспар

1. Қазақстанның жер қоры
2. Топырақты қорғау және қалпына келтіру
1. Қазақстанның жер қоры
Қазақстанның жер көлемі 272,0 млн. гектар, дүние жүзі бойынша 9 орынды алып 
жатыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы қолданысындағы жерлер 222,5 млн. га. немесе 
жалпы жер ауданының 82%-ын құрайды.
Су айдындары, құрылыс, жолдар мен басқа да ауыл шаруашылығы емес бағыттағы 
жерлердің көлемі 50 млн. гектардан асады. Ал ауыл шаруашылығы бағытында 
пайдаланылатын жерлердің үлесі келесідей: егістіктер (жыртылма жерлер) 35,0 млн. га. 
(15%), көп жылдық орман екпелері 146,9 мың. га (0,1 %-дан аз), шабындықтар 5,1 мың. га 
(2,5%), және жайылымдар 181,7 мың. га (81%). Жыртылма жерлердің негізгі бөлігі қара 
топырақты дала аймағы мен қара қоңыр топырақты құрғақ дала зонасында орналасқан (27,0 
млн. га немесе жалпы егістік жер көлемінің 80%) Республиканың жер қорының көп бөлігін 
жайылымдық жерлералып жатыр, олар негізінен шөл және шөлейт аймақтарда таралған.
Суармалы жерлер Қазақстанда 2,4 млн. га. Олардың көп бөлігі оңтүстік шығыс және 
оңтүстік облыстарында (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда ) 
пайдаланылады, жалпы суармалы жердің 1,7 млн. га. немесе 72%-ын құрайды. Бұл 
аймақтарда негізінен күріш, қант қызылшасы, жеміс-жидектердің басым бөлігі, жзім, жеміс-
жидек және көп жылдық шөптер өсіріледі. Еліміздің жер қорының топырақ жамылғасы, 
оның топырақ түзілу ерекшеліктеріне (климат, жер бедері, топырақ түзуші тау жыныстары) 
байланысты алуан түрлі болып келеді. Топырақ жамылғысының құрамында құнарлылығы 
төмен қоңыр, сұр-қоңыр және ашық қара қоңыр топырақтар кең тараған, бұлардың жалпы 
ауданы жер қорының 40%-ын алып жатыр. Сонымен қатар құнарлылығы жақсы, егіншілікте 
қолдануға тимді кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар мен күңгірт қара қоңыр топырақтар 
жалпы жер қорының 20,7%-ын алып жатыр.


Қазақстанның таулы өлкесі барлық жер көлемінің 12,5% алады. Жазықтық жердің 
топырақ типтерімен салыстырғанда тау топырақтарының қасиеттері біршама ерекше болып 
келеді. Бірақ тау топырақтарында су эрозиясының қаупі өте жоғары болғандықтан, оның 
құнарлылығын сақтап, өнімділігін арттыру үшін су эрозиясының алдын алу өте өзекті мәселе 
болып табылады. Таулы аймақтардың топырақтарын орналасқан зоналарына байланысты 
ауыл шаруашылығында қант қызылшасы, мақта, темекі, көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктер 
және астық тұқымдас дақылдары егістіктері ретінде пайдаланады. Ал таулардың биік 
жерлері климат пен жер бедерінің қолайсыз болуына байланысты көбінесе мал 
шаруашылығында пайдаланылады.
Еліміздің жер қоры көп болғанымен, оны ауыл шаруашылығында тимді 
пайдаланбаудың салдарынан топырақ құнарлылығының азайуы, жайылымдық жерлердің 
тозуы орын алып бүгінгі күнде өте өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан еліміздің жер 
қорын экономикалық және экологиялық жағынан ғылыми негізделген ұсыныстар бойынша 
тиімді пайдалану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет