ұшырайды. Сонымен қатар улы элементтердің топыраққа түсуі ондағы өсімдіктерге, одан
кейін оны пайдаланатын жануарлар мен адамдар организіміне зиянын тигізеді.
Органикалық және металлоорганикалық қосылысты қалдықтар – көп мөлшерде
топырақта жинақталуы пестицидтерді қолдануға байланысты болады. Олардың көбі
топырақта бірнеше айдан ондаған жылдар бойы сақталып, улы және аса улы метаболиттерді
түзеді. Топырақтың пестициттермен ластануының келесідей зияндылығы бар: олар, адам мен
жануарлардың интоксикациясы (организмнің улы заттармен улануы), биоценоз
популяциясының бұзылуы, пестициттерге төзімді зиянкестердің пайда болуы, топырақтың
биологиялық белсенділігінің өзгеруі және т.б. зиянды қасиеттерге акеліп соғады.
Топырақтың радиоактивті заттармен ластануы негізінен атмосферадағы ядролық
сынақтар жүргізуге байланысты. Топыраққа ядролық сынақтардан түсетін 90Sr, 137Cs және
басқа нуклидтер алдымен өсімдіктерге, одан кейін қоректік заттар арқылы адам ағзасына
түсіп, әр түрлі қатерлі ауыруларға шалдықтырады.
Топырақ рекультивациясы жыл сайын пайдалы қазбаларды өндірудің нәтижесінде,
сонымен қатар әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында көптеген жерлердің
өсімдік жамылғысы мен топырағы толықтай жарамсыз болып қалады. Осыған байланысты
қазіргі таңда топырақ рекультивациясын жүргізудің маңызы өте зор.
Топырақ рекультивациясы дегеніміз - әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріске
ұшырап бұзылған, құнарлылығын жоғалтқан топырақ жамылғысы мен ландшафтарды
жүйелі түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді айтады. Қазіргі кезде елімізде қайта
қалпына келтіруді қажет ететін топырақ жамылғысының көлемі өте ауқымды (169,7 мың га.).
солай бола тұрсада, бұл жұмыстардың атқарылуы төмен деңгейде жүргізілуде.
Пайдалы қазбаларды өндіріп алу кезінде бүлінген жерлерді рекультивациялау үш
кезеңнен тұрады.
Бірінші – дайындық кезеңі. Бұл уақытта бүлінген алқаптарды зерттеп, жүргізілетін
рекультивация
жұмыстарының
бағытын
анықтайды,
техникалық-экономикалық
негізделмесін және рекультивациялау жобасын құрастырады.
Екінші – техникалық рекультивация кезеңі. Пайдалы қазбаны қазып алу барысында
топырақтың қарашірінділі қабатын және зардапсыз бос тау жыныстарын келесі кезектегі
рекультивациялау жұмысына қолдану үшін бөлек үйеді. Яғни қазба жұмыстары аяқтағаннан
кейін реті бойынша топырақ қабаттарын қайта орнына қояды.
Үшінші кезең – биологиялық рекультивация. Бұл жұмыс техникалық рекультивация
кезінде дайындалған жерге құнарлы қабат қалыптастырып, осы жерді орман алқабына
немесе ауыл шаруашылығы алқабына айналдыруды даярлайды.
Достарыңызбен бөлісу: