Моос шкаласының минералдарының басқа қаттылықты анықтау үшін әр түрлі
нәрселерді қолдануға болады. Мысалы, графит-1 тырнақ қаттылығы 2,5, шыны 5-5,5, құрыш
пышақ 5,5-6, тау хрусталы -7 ұпай қаттылыққа тең.
Қаттылығына байланысты минералдар 4 топқа бөлінеді.
жұмсақ (қаттылығы 1-2) – тырнақ минералда із қалдырады;
орташа қатты (қаттылық 3-4) – тырнақ минералда із қалдырмайды, минерал
шыны үстінде тырналған із қалдырмайды;
қатты (қаттылық 5-7) – минерал шыныда тырнаған із қалдырады, бірақ тау
хрусталінде тырнаған із қалдырмайды;
өте қатты (7-ден жоғары) – минерал тау хрусталінде тырнаған із қалдырады.
Жымдастық
- минералдарлың механикалық әсерден дұрыс пластиналарға,
жіпшелерге, дұрыс бөлшектерге бөлінуі.
Жымдастық келесідей түрлерге жіктеледі:
Аса жетілген – минералдар тырнақтың күшімен әр түрлі жұқа пластиналарға
жеңіл бөлінеді (слюда, биотит).
Жетілген – минералды ұрғанда анық бағытта дұрыс бөлшектерге бөлінеді
(кальцит, дала шпаты, галит).
Жетілмеген – минералдар бөліктерге қиын бөлінеді, бөлшектердің аз мөлшері
дұрыс пішінді, өзге бөлшектерінің сынған жерінің беті дұрыс пішінді емес болып келеді.
Сынықтық.
Минералдар сынғанда сынықты пішінді анықтайтын үсті пайда болады.
Жымдастығы бар минералдар, тегіс сынық береді, мысалы кальций, галит. Жымдастығы жоқ
минералдарда мынадай сынық түрлері бар.
Түйіршікті – сынықтың үстінде бөлек минералдар құрылатын кристалдар
көрінеді (апатит, матматит, антидрит).
Жер сияқты – сынық беті күңгірт, кедір – бұдырлы, шаң басқан сияқты
(каолинит, лимонит).
Шаянды – толқындары айнала орналасқан батыңқылықты немесе дөңестілікті
беттер бұзылғанда пайда болады (тау хрусталы, магнезит).
Шөгірлі – сынық сүргілемеген ағаш беті сияқты.
Тегіс емес – сынғанда, тегіс емес бет пайда болады (кварц, нефелин).
Достарыңызбен бөлісу: