Одан басқа, топырақ кескіндері заттарды тарату ерекшеліктеріне қарай жіктеледі.
Заттарды топырақтың жоғарғы қабатынан бастап максималды
жинайтын топырақтар
аккумулятивті кескінге сай (қарашірінді-аккумулятивті кескін), ал элювиалды кескіндер -
заттардың кескінінен шайылуымен сипатталады.
1 сурет. Топырақ кескіндерінің (құрылысының) типтері:
1-қарапайым; 2-толық
дамымаған; 3-кәдімгі; 4-әлсіз жіктелген; 5-бұзылған; 6-
қалдықты кескін; 7-көп мүшелі кескін; 8-полициклді; 9-аударылған; 10-мозайкалы.
Топырақтың және әр қабаттың қалыңдылығы
оның тік кескінін өлшеу арқылы
анықталады. Топырақтың жалпы қалыңдығы оның үстінен бастап топырақ түзілу
процестерінің әсері тимеген не аз болған тау жынысына дейінгі аралық жатады. Топырақтың
қалыңдығы 40-50 ден 100-150 см-ге дейін болады. Қабаттардың қалыңдылығын сипаттағанда
олардың үстіңгі басталатын және астыңғы аяқталатын
шекаралары және қалыңдығы
есептелініп көрсетіледі. Мысалы:
,
32
32
0
A
21
54
33
1
B
Топырақтың түсі
бірден көзге көрініп байқалатын белгі. Көптеген топырақтардың
атауы оның түсіне байланысты қойылған. С.А. Захаровтың анықтауы бойынша топырақ
бояуы, түсі негізінен тµменгі қосындылардың 3 тобына байланысты. Олар: 1– қарашірінді, 2-
темір тотығы қосындылары, 3 – кремний қышқылы, көмір қышқылды әк, каолин.
Топырақ құрамындағы қарашірінді оған қара, күңгірт сұр түс береді. Темір тотығы
қосындылары
топыраққа қызыл, қызғылт-сары, сары түс береді, ал
кремний тотығы,
көмірқышқылды кальций, каолинит ақшыл, ақ түс береді.
Топырақтың түйіртпектілігі
– оның пішіндері және ірілігі әр түрлі болып келетін
түйіршіктері жиынтығы (агрегаттары). Олар түрлі жағдайлар арқылы біріккен ұсақ
бөлшектерден құралады. С.А.Захаровтың анықтауынша түйіртпектіліктің үш типі бар (4–
кесте).
4-кесте. Топырақ түйіртпектігінің жіктелуі
Тегі
Түрі
Мөлшері
Сипаттамасы
Тоң кесекті
Достарыңызбен бөлісу: