жеңіл бөлініп кетеді. Бытыраңқы тығыздық жыртылып игерілген, механикалық құрамы құм,
құмайт топырақтарға тән. Бұл топырақтардың түйіршіктерінің бірбірімен бірігуі нашар,
сондықтан олар тез үгіліп, бытырап кетеді.
Топырақтың кеуектілігі
құрылым түйіршіктерінің ішіндегі және олардың арасындағы
түтіктердің көлемі мен мөлшеріне байланысты. Топырақтағы түтіктердің, қуыстардың
мөлшеріне және орналасуына байланысты топырақтың жайласуы келесідей типтерге
жіктеледі:
- нәзік кеуекті - түтіктердің диаметрі 1 мм – ден кіші;
- кеуекті - түтіктердің диаметрі 1-3 мм;
- губка тәрізді – топырақта диаметрі 3-5 мм қуыстар кездеседі;
- тесікті – топырақта диаметрі 5-10 мм-ге дейінгі қуыстар кездеседі;
- құбырлы – жәндіктер қазған құбыр тектес қуыстар.
Жаңа жарандылар
және кірме заттар. Топырақ түзілу кезінде оның қабатында әр
пішінді, химиялық құрамы әр түрлі заттар – жаңа жарандылар пайда болады. Пайда болу
тегіне байланысты олар химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Химиялық жаңа жарандылар қатарына суда ерігіш тұздар, гипс, кальций карбонаты,
темір, алюминий, марганец тотықтары, қарашірінді қосылыстары жатады. Олар жиналу
пішініне қарай жарғақтар және қонымдар, қабыршақтар, жұғындар, арна, түтікше сияқты
түрлерде кездеседі.
Биологиялық жолмен пайда болған жаңа жарандылар қатарына топырақ құрттарының
қалдырған қуыс іздері, жауын құрттарының бойынан өткен қалдық түйіршіктер –
капролиттер, топырақтағы жануарлардың қазған індері, іздері, шіріген ірі тамырлар және
өте ұсақ тамырлар – дендриттер жатады.
Кірме заттар
топырақ түзілуіне қатысы жоқ кездейсоқ органикалық немесе минералды
заттар. Оларға тау жыныстарының сынығы, жануарлардың сүйегі, шынының, кірпіштің,
көмірдің сынығы жатады.
5-кесте. Топырақтың морфологиялық белгілерін сипаттау (үлгі)
Генетикалық қабаттың
Морфологиялық белгілері (түсі, түйіртпектілігі, жайласуы,
тығыздығы, кеуектілігі, ылғалдылығы, гранулометриялық
құрамы, шекараның ауысуы, жаңа жарандылар, кірме заттар)
Жұғыны
Индексі,
қалыңдығы
1
2
3
1>1>3>3>
Достарыңызбен бөлісу: