3-тақырып
Топырақ үлгілерін талдауға дайындау, гигроскопиялық және максималды
гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау
Сабақтың мақсаты:
топырақ үлгілерін талдауға дайындауды және топырақтың
гигарскопиялық ылғылдылығы мен максималды гиграскопиялық ылғалдылығын анықтауды
үйрену
Тапсырма:
1. Танаптан әкелінген топырақ үлгілерін талдауға дұрыс дайындауды білу.
2 Топырақтың гигарскопиялық ылғылдылығын анықтауды игеру.
3. Топырақтың максималды гигарскопиялық ылғылдылығын анықтауды игеру.
Көрнекті құралдар:
топырақ үлгілері, диаметрі 1мм елеуіштер, аналитикалық тараз, бюкс,
кептіргіш пеші, эксикатор.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Кенжегулова С.О. Топырақтану оқу құралы. Астана, 2016.
Топырақ үлгілерін талдауға дайындау
Танаптан әкелінген топырақ үлгіліріне жүргізілген талдау
жұмыстары нәтижесінің
дұрыс, әрі нақты болуы, оларды талдауға дайындау жұмыстарымен тікелей байланысты.
Танаптан алынған топырақ үлгілерін қағаз парақтың үстіне жұқалап жайып, құрғақ
және әртүрлі газдардан таза бөлмелерде кептіру қажет.
Ірі кесектерді қолмен ұсақтап,
өсімдік тамырлары мен қалдықтарын алып тастайды.
Кептірілген топырақ үлгілерін жаймалап диагналь бойымен төртке бөліп, қарама-
қарсы
екі бөлікті ұнтақтауға қалдыры, қалған екі бөлігін қорапқа немесе қалташаларға
этикеткасымен салып қояды. Гумус пен азотты анықтау үшін жеке қағазға салмағы 25-30гр
топырақ үлгісін осы тәсілмен алады.
Топырақ үлгісін диаметрі 1мм елегіштен өткізу үшін, оны фарфор ыдысына салып,
ұшы
резеңкелі таяқшамен ұнтақтап, елегіштен өткізеді. Бұл ұнтақтау мен елеуді фарфор
ыдысында тек тас бөлшектері қалғанша жүргізеді.
Ұнтақтаған топырақ үлгісін картон қорабқа немесе қағаздан жасалған пакетке салып
сақтайды. Қорабтың ішіне облыс, аудан, шаруашылық, пайдаланылатын жері, танап номірі,
кескін нөмірі, қабаттың атауы, қабат қалыңдығы, тереңдігі, алынған күні жазылған этикетка
салынады.
Топырақтағы гумус пен азотты анықтау үшін өсімдік тамырлары мен әртүрлі
органикалық қалдықтардан тазартады. Ол үшін ұнтақталмаған топырақтытың орташа үлгісін
ақ қағаз бетіне жұқалап жайып пинцет арқылы көзге көрінетін органикалық қалдықтардан
тазартады. Одан кейін топырақты фарфор құтысына ұнтақтап, қайтадан лупа арқылы қарап
органикалық
қалдықтардан тазартып, диаметрі 1мм електен өткізеді. Осы еленіп өткен
топырақтан салмағы 10-15гр орта үлгіні алып, оны ақ қағаз бетіне жұқалап жайып, қайтадан
тамырлардан тазартады, ол үшін электірленген әйнек таяқшаны топырақ бетіне 5-6см
биіктіктен
өткізеді, әйнек таяқшаға жабысқан тамыр қалдықтарын толық тазарғанша
жүргізеді. Таяқшаны топырақ бетіне өте жақындату ға болмайды,
себебі онда топырақтың
өте майда минералды бөліктеріде жабысуы мүмкін.
Органикалық заттардан толық тазарған топырақты фарфор ыдысында қайтадан
ұнтақтап, диаметрі 0,25мм елеуіштен өткізеді. Елеуіштен өтпей қалған құм бөлшектерінде
жаншып өткізу қажет. Осылай дайындалған топырақ үлгісін
қағаз пәкеттерге салып
сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: