қалыпты су сіңіргіштік пен байланыстылыққа ие, су сіңіргіштігі жеткілікті, қылтүтікшелігі
жоғары.
Тұнба фракцияның негізгі бөлігі коллоидты түрде кездеседі. Тұнба топырақтың ең
белсенді бөлігі, бұл механикалық элементтер көбінесе екіншілікті балшықты минералдардан
тұрады және олар химиялық үгілу кезінде пайда болады.
Размерлері 0,01 мм-ден үлкен механикалық элементтер физикалық құм, ал 0,01 мм-
ден кішілері физикалық балшық деп аталады. Размерлері 1 мм-ден үлкен бөлшектер
топырақтың қаңқасын (тас бөлігін), ал 1 мм-ден кіші бөлшектер топырақтың майда бөлігін
құрайды.
Топырақтың гранулометриялық құрамын Н.А. Качинский, ондағы физикалық балшық
пен физикалық құмның салыстырмалы көрсеткіштері арқылы жіктеген болатын.
2- Кесте Топырақтың гранулометриялық құрамының жіктелуі
Физикалық балшық мөлшері (0,01мм-ден кіші
бөлшектер), %
Гранулометриялық
құрамның атауы
Дала аймағы топырақтары Кебір
және
өте
кебірленген топырақтар
0-5
0-5
борпылдақ құм
5-10
5-10
біріккен құм
10-20
10-15
құмайт
20-30
15-20
жеңіл құмбалшық
30-45
20-30
орташа құмбалшық
45-60
30-40
ауыр құмбалшық
60-75
40-50
жеңіл балшық
75-85
50-65
орташа балшық
> 85
> 65
ауыр балшық
Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтаудың екі түрлі әдісі бар: далалық және
лабораториялық
Достарыңызбен бөлісу: