Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет74/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Тапсырма
1. Топырақ құрамындағы алмаспалы кальций мен магний мөлшерін трилонометрлік 
(комплексометрлік) әдіспен анықтауды игеру.
Көрнекті құралдар:
топырақ үлгілері, тесктерінің диаметрі 1 мм елек, аналитикалық таразы, 
сыйымдылығы 100 және 250 мл колбалар, дистилденген су, фильтр қағазы, пипеткалар (1мл, 
2мл, 5мл, 10мл), бюретка.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Кенжегулова С.О. Топырақтану оқу құралы. Астана, 2016. 
Топырақтың жоғарғы қабатында кальцийдың мөлшері 0,70-9,28% аралығында 
болады. Ал топырақтың тік кескінінде кальцийдың таралуы топырақ түзуші тау 
жыныстарындағы карбонаттың мөлшеріне байланысты болады. Карбанаттары аз 
топырақтардың төменгі генетикалық қабаттарына қарағанда, жоғарғы қабатында кальций 
мөлшері молырақ болады.
Бұл әдіс топырақ құрамындағы кальций мен магнийді бейтарап тұздармен ығыстырып 
трилон Б ерітіндісімен титрлеуге негізделген.
Жұмыс барысы:
Ауада құрғатылған топырақтан тесіктерінің диаметрі 1мм електен өткізіп, 30 г 
топырақ үлгісін таразда өлшеп, сыйымдылығы 250 мл колбаға 75 мл 1н. Хлорлы калий 
тұзының ертіндісін құяды. Оның ауызын резіңкелі тығынмен жауып 1 минут шайқайды да 
18-24 сағатқа қалдырады. Егер бір тәулікке қалдыру мүмкін болмаса, ротатор құралында 1 
сағат шайқайды. Содан кейін колбадағы ертіндіні фильтр қағазы арқылы басқа колбаға сүзіп 
алады.
Алмаспалы кальций мөлшерін анықтау
Алдын-ала дайындалған сүзіндіден пипеткамен 5-10 мл (5 мл – негіздермен қаныққан 
топырақтардан, 10 мл – негіздермен қанықпаған топырақтардан) алып, оны сыйымдылығы 
100 мл колбаға құйып, оны дистилденген сумен 50 мл-ге жеткізеді. Стакандағы сұйылтылған 
сүзіндіге марганец ионының зиянды әсерін жою үшін 0,5 мл 5-пайыздық тұз қышқылды 
гидроксиламин және ауыр металдарды байланыстыру мақсатында бірнеше түйір (пышақ 
ұшымен) натрий диэтилдитиокарбаматын қосады. Кейін үстіне 2мл 2н. NaOH ерітіндісін 
құйып, 10-15мг мурексид индикаторын салып, түсі қызғылт түстен қошқыл түске ауысқанша 
0,05н. Трилон Б ертіндісімен титрлейді. Титрлеу барысында колбадағы ертіндіні үздіксіз 
араластырып отыру қажет.
Осы жұмысқа қоса бос анықтауды (холостой) бірге алып жүру қажет. Ол үшін 100 мл 
колбаға 50 мл дистилденген су құйып, оның үстіне жоғарыда, топырақ ертіндісінен алынған 
сүзіндіге қосқан реактивтерді қосып, оны 0,05н. Трилон Б ерітіндісімен титрлейді.
Титрлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің мөлшері арқылы, топырақ құрамындағы 
алмаспалы кальций мөлшерін төмендегі формуламен есептейді:
Х
=
(
а

б
) ∙ 𝑁 ∙ 𝑉 ∙ 100
𝐶 ∙
в
Мұнда:
Х – 100 г топырақ құрамындағы алмасатын кальций мөлшері, мг/экв; 
а – сүзіндіні титрлеуге жұмсалған 0,05н. Трилон Б мөлшері, мл;
б – дистилденген суды титрлеуге жұмсалған 0,05н. Трилон Б мөлшері, мл;
N – трилон Б ерітіндісінің нормалдығы;
V – топырақ сүзіндісінің жалпы көлемі, мл;
C – талдауға алынған топырақ салмағы, г;
в – талдауға алынған топырақ сүзіндісінің көлемі, мл;
100 – 100 грамм топыраққа ауыстыру коэффициенті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет