Көрнекті құралдар:
топырақ үлгілері, тесктерінің диаметрі 1 және 0,25 мм електер, шыны
таяқша, лупа, пинцет, жүн мата, фарфор табақшалары, пестик, бюретка, аналитикалық
таразы, дистилденген су, 100 мл колба, асбестті немесе этернитті плита,, стақан.
Қолданылатын оқулықтар:
1. Кенжегулова С.О. Топырақтану оқу құралы. Астана, 2016.
.
Топырақ гумусы деп пайда болу тегінің, кейбір жалпы қасиеттерімен құрамының
құрылысының ұқсастығына байланысты топтастырылған, бірақ әр топтың қасиеттерімен
құрамының, құрылысының өзгешелігі бар жоғары молекулалы азотты органикалық
заттардың қоспасын айтады. Ол топыраққа түскен органикалық заттардың ыдырауы мен
гумификациясында пайда болады.
Топырақтың жалпы гумус мөлшерін И.В.Тюрин әдісімен анықтау
Топырақ гумусын И.В.Тюрин тәсілімен анықтау өзінің қарапайымдылығы,
нақтылығы және жылдамдығымен ерекшеленеді.
Бұл әдіс гумусты заттардың көміртегісін 0,4H. Екі хром қышқылды калийдің
(K
2
Cr
2
O
7
) және күкірт қышқылының (H
2
SO
4
) 1:1 қатынасындағы ертіндісімен тотықтыруға
негізделген.
Егер топырақ тұзданған және батпақты топырақ болса, бұл әдісті қолдануға
болмайды, себебі гумустың көрсеткіші тым артық болып шығады.
Жұмыс барысы:
Гумус пен азотты анықтауға арнайы дайындалған (топырақ үлгілерін дайындау
барысы 3-тақырыпта жазылған) топырақ үлгісі аналитикалық немесе торзионды таразда
өлшенеді. Оның мөлшері талдауға алынатын топырақтағы гумустың мөлшеріне (түсіне)
байланысты: гумус неғұрлым көп болған сайын, талдауға алынатын топырақ үлгісінің
мөлшері де солғұрлым азаяды.
Гумус мөлшері (%-бен) топырақ өлшемі (гр-мен)
>10 0,1
10-5 0,2
5-1 0,3
1-0,5 0,4
<0,5 0,5
Өлшеніп алынған топырақ үлгісін абайлап сйымдылығы 100 мл көлбаға салып, үстіне
бюретка арқылы 10мл 0,4H. Күкірт қышқылында ерітілген екі хром қышқылды калий
ертіндісін құяды, колбаны ақырын айналымды қозғалыспен шайқайды. Колбаның ауызын
воронкамен жабады, ол тоңазытқыш міндетін атқарады, колбаны асбестті немесе этернитті
плитада ақырын қыздырады. Ертінді қызған сайын одан СО
2
газы бөлініп шығады, қайнауға
жақындаған кезде газ көбікшелері ұлғаяды (ол 3-5 минуттан кейін байқалады). Қайнай
бастағаннан кейін уақыт белгілеп, баяу қайнатуды 5 минут бойы жалғастырады. Колбаны
үнемі бақылап, оның қатты қайнауына жол бермеу керек. Қатты және ұзақ қайнағанда күкірт
қышқылының концентрациясы көбейіп хром қышқылы ыдырайды, ол талдаудың нәтижесіне
кері әсерін тигізеді.
Қайнағаннан кейін колбаны плитадан алып, бөлме температурасына дейін суытады.
Воронканың ішкі және сыртқы беттерін дистилденген сумен шайып, колбаға 30-40 мл
дистилденген су құяды. Ертіндіге 4-5 тамшы 0,2 %-ды фенилантранил қышқылын тамызып,
оны жақсылап араластырады. Ертіндіні бюретка арқылы 0,2H. Мор тұзымен ертіндісінің түсі
қызғылт-қоңырдан күңгірт-жасыл түске ауысқанша титрлейді. Мор тұзының хромды-
қышқылды калийді титрлеуге кеткен мөлшерін белгілеп, мәліметтерді кестеге толтырамыз
(кесте).
Титрлеудің бастапқы кезінде ертінді күңгірт-қызғылт-күлгін түске боялады,
титрлеудің аяғына қарай қою-көк, ал ең соңында сұрғылттау ашық жасыл түске боялады.
Мор тұзының мөлшері аздап артық болған ертінді ашық-жасыл-түске боялады. күңгірт-
қызғылт-күлгін түстің көк түске ауысқанша мор тұзын аз порциямен, ал одан кейін, яғни көк
түстен жасыл түске ауысқанға дейін тамшылатып құяды, әрқашанда ертіндіні араластырып
отыру керек.
1-Кесте топырақтағы гумус мөлшерін анықтау
Топырақтың
қабаты
және
қалыңдығы, см
Топырақ
салмағы, г
Мор тұзының кеткен мөлшері, мл
Гумус, %
Бос анықтауды
титрлеу
Топырақ үлгісін
титрлеу
с
а
б
А
10 мг күкірт қышқылды ертіндідегі хром қышқылды калийге қанша Мор тұзы
кететіндігін анықтайды (бос анықтау). Ол үшін 10 мл хром қышқылды калий ертіндісін таза
колбаға құйып, үстіне 30-40 мл дистилденген су қосып ,4-5 тамшы фенилантранил
қышқылын тамызып колбаны шайқап, Мор тұзымен титрлейді. Сөйтіп, 10 мл хром
қышқылын титрлеуге кеткен Мор тұзының көлемін табады (а).
А
=
(
а
−
б
) ∙
Км
∙ 0,0010362 ∙ 100 ∙
Кг
С
А – гумус мөлшері, %;
а – бос анықтауға кеткен Мор тұзының көлемі, мл;
б – артық хромқышқылды калий тұзын титрлеуге кеткен Мор тұзының көлемі, мл;
Км – Мор тұзының титріне түзету коэффициенті;
0,0010362 – көміртегінің гумусқа ауыстыру коэффициенті (1 мл 0,2H. Мор тұзы осы
мөлшердегі гумусқа тең);
Кг – топырақтың гигроскопиялық коэффициенті;
100 – пайызға айналдыру коэффициенті;
С – талдауға алынған топырақ салмағы, г.
Достарыңызбен бөлісу: |