Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


Топырақтың қатты фазасының тығыздылығын пикнометр арқылы анықтау



Pdf көрінісі
бет70/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Топырақтың қатты фазасының тығыздылығын пикнометр арқылы анықтау 
және топырақ қуыстылығын есептеу
Топырақтың қатты фазасының тығыздылығы деп – 4 
0
С температурада топырақтың 
қатты бөлігінің бір текше көлемінің салмағының осындай көлемдегі судың салмағына 
қатынасы. Өлшем бірлігі г/см
3
.Оның мөлшері топырақтың органикалық және минералдық 
бөліктерінің арақатынасына байланысты болады. Топырақтың органикалық заттары 
көбейген сайын, қатты фазасының тығыздылығы азаяды. Көптеген топырақтардың қатты 
фазасының тығыздылығы 2,4 – 2,65 г/см
3
аралығында болады.
Топырақтың қатты фазасының тығыздылығы, оның қуыстылығын есептегенде қажет.
Қажетті құрал-жабдықтар: топырақ үлгілері, диаметрі 1мм елек, анлитикалық таразы, 
пикнометр, салқындатылған дистилденген су, воронка, стақан, электр плитасы.
Жұмыс барысы:
Көлемі 100 мл пикнометрге (өлшеуіш колба) қайнатылған 4 
0
С температурада 
салқындатылған дистилденген суды белгіленген деңгейіне дейін (метка) құйып, оның 
сыртын фильтр қағазымен сүртіп, анлитикалық таразда өлшейді.
Пикнометрді сумен бірге өлшегеннен кейін, пикнометрдегі суды төгіп тастайды да, 
пикнометрге диаметрі 1мм електен өткізілген 10г топырақты аналитикалық таразда өлшеп 
воронка арқылы салады. Воронканы шая отырып, пикнометрдің жартысына дейін 
дистилденген су (қайнатылып салқындатылған) құяды да, оны электр плитасында 
топырақтың құрамындағы ауадан ажырату үшін 30 минут бойы қайнатады.
Уақыт өткеннен кейін пикнометрді суытып, белгіленген деңгейіне дейін қайтадан су 
құйып өлшейді. Алынған нәтижелер төмендегі кестеге толтырылады.
11-Кесте Топырақтың қатты фазасының тығыздылығын анықтау 
Пикнометрдің сумен 
салмағы, г 
Топырақ салмағы, г
Пикнометрдің сумен 
және 
топырақпен 
салмағы, г 
Топырақтың 
қатты 
фазасының 
тығыздылығы, г/см
3
А 
В 
С 
Д 
Топырақтың қатты фазасының тығыздылығын мына формуламен есептейді:
Д
=
В
(
А
+
В
)−
С
, мұнда
В – топырақ салмағы, г; 
А – пикнометрдің сумен салмағы, г;
С - Пикнометрдің сумен және топырақпен салмағы, г;
Топырақтың қуыстылығы деп топырақтың белгілі көлеміндегі барлық бос кеңістіктер 
көлемін айтады. Оны топырақтың тығыздылығы (d) мен қатты фазасының тығыздылығының 
(Д) көрсеткіштерін пайдалана отырып есептейді. 
К
= [1 −
d
Д
] ∙ 100
 
12-Кесте топырақ кеуектілігін бағалау (Н.А.Качинский) 
Балшық және құмбалшық 
гранулометриялық құрамды топырақтар 
Топырақтың сапасын бағалау


үшін топырақтың қуыстылығы, % 
>70 
Топырақ борпылдақ, артық кеуекті 
65-55 
Мәдени бапталып өңделген. Өте жақсы 
55-50 
Топырақтың өңделетін қабаты үшін 
қанағаттандырарлық
<50 
Топырақтың өңделетін қабаты үшін 
қанағаттандырарлықсыз 
25-40 
Топырақтың тығызданған иллювиалды 
қабаттарына тән, өте нашар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет