Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет69/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Көрнекті құралдар: 
топырақ үлгілері, цилиндр, филтр қағазы, таразы, су колба, пикнометр, 
шыны стакан.
Қолданылатын оқулықтар:
1. Елешов Р.Е., Елемесов Ж.Е., Мухаметкаримов Қ.М. Топырақтану практикумы. Алматы, 
2012. 
2. Кенжегулова С.О. Топырақтану оқу құралы. Астана, 2016. 


 
Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның түйіртпектілік, сулық, ауалық, жылыулық, 
жалпы физикалық және физико-механикалық қасиеттері жатады.
Топырақ түзілу процесінің дамуына, топырақ құнарлылығына және өсімдіктердің 
өсіп-дамуына топырақтың физикалық қасиеттерінің тигізетін әсері өте зор. Топырақтың 
физикалық 
қасиеттерінің 
дамуына 
П.А.Костычев, 
В.Р.Вильямс, 
А.Г.Дояренко, 
Н.А.Качинский, И.Н. Антипов-Каратаев, А.А.Роде және басқа көптеген ғалымдар еңбек етті.
Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне тығыздылығы, қатты фазасының 
тығыздылығы және қуыстылығы жатады.
Топырақтың тығыздылығы деп табиғи құрылымы бұзылмаған бір текше көлемдегі 
салмағын айтады. Өлшем бірлігі г/см
3
.
Топырақтың тығыздылығы, оның минерологиялық және гранулометриялық 
құрамына, түйіртпектілігіне және органикалық заттардың мөлшеріне байланысты болады. 
Сонымен қатар топырақ үстінен жүретін техникларлардың және топырақты өңдеу 
жұмыстарының тығыздылыққа тигізетін әсері зор.
Топырақтың тығыздылығы ондағы жүріп жатқан микробиологиялық процестердің 
қарқынына, өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуына, топырақтағы газ алмасуға және сулық 
қасиеттеріне өз әсерін тигізеді. Өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы топырақ тығыздылығы 
– 1,0 -1,2 г/см
3
.
Топырақтың тығыздылығын анықтау
Жұмыс барысы:
Зертхналық жағдайда топырақтың тығыздылығын құрлымы бұзылған үлгілер арқылы 
анықтайды. Бірақ бұл әдіс топырақтың нақтылы табиғи тығыздылығын көрсете алмайды. 
Сондықтан оны танаптық жағдайда табиғи құрылымы бұзылмағын топырақтан, металл 
цилиндірдің көмегімен анықтайды.
Қажетті құрал жабдықтар: топырақ үлгілері, цилиндр, филтр қағазы, таразы.
Топырақтың тығыздылығын құрылымы бұзылған үлгідер анықтау үшін, металл 
цилиндірдің көлемін келесі формуламен есептейді. 
V
= 𝜋𝑟


V – цилиндірдің көлемі, см
3
;
П – 3,14;
r

– цилиндр радиусы, см;
h - цилиндр биіктігі, см; 
Биіктігі 10см, диаметрі 5см болатын металл цилиндрдің түбіне дөңгелек филтр 
қағазын салып, оны техникалық таразда өлшегеннен кейін, цилиндірдің ішіне ұнтақталмаған 
топырақ үлгісін толтыра салып нығыздаймыз (алақанмен цилиндірдің түбінен ұру арқылы).
Топырақ толтырылған цилиндірді қайтадан техникалық таразда өлшеп, нәтижелерін 
кестеге толтырады.
10-Кесте – топырақ тығыздылығын анықтау
Цилиндрдің 
көлемі г/см
3
Бос цилиндрдің 
салмағы, г 
Цилиндрдің 
топырақпен 
салмағы, г 
Топырақ 
салмағы, г 
Топырақтың 
тығыздылығы, 
г/см

Топырақтың тығыздылығын төмендегі формула арқылы анықтайды:
c
=
𝐶 ∙ 
Кг
𝑉
d - топырақтың тығыздылығы, г/см
3


C – топырақтың салмағы, г; 
V – цилиндрдің көлемі, см

К
г 
– гигроскопиялық коэффициент.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет