Балшық
– топырақ ұзын жіңішке жіпке ширатылады, оны саусаққа екі-үш мәрте еркін
орауға болады, сақина шығырда жарықтар болмайды.
Бақылау сұрақтары
:
1. Топырақтың механикалық элементтерінің топтарын атаңыз және олардың көлемінің
мөлшерін көрсетіңіз.
2. Қандай көлемдегі механикалық элементтер тобы физикалық балшыққа жатады?
Физикалық құмға жататын элементтердің көлемі қандай?
3. Топырақтың механикалық немесе гранулометриялық құрамы дегеніміз не?
4. Дала аймағында кездесетін жеңіл құмбалшықты қара топырақтың құрамында неше
пайыз физикалық балшық бар?
5. Топырақтың гранулометриялық құрамы оның қандай қасиеттеріне әсер етеді?
Мысалдар келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: