Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


Топырақтың гранулометриялық құрамын далалық тәсілмен анықтау



Pdf көрінісі
бет67/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Топырақтың гранулометриялық құрамын далалық тәсілмен анықтау 
Бұл әдіс - топырақтың байланыстылығы мен иілгіштігіне негізделген. Анықтау үшін 
төмендегі жұмыстарды орындау қажет.
1.
Аз мөлшерде топырақ үлгісін алақанға салып уқалап
олардың түйіртпектілігін жоямыз.
2.
Топырақты сулап, қамыр күйіне дейін илейміз.
3.
Суланған топырақты алақанмызға дөңгелек шар немесе 
диаметрі 3 мм жіп бау, содан соң шығыр жасау арқылы 
гранулометриялық құрамды төмендегі мәліметтерді пайдаланып 
анықтаймыз.
 
Құм
– топырақтан шарда, жіп бауда жасалынбайды.
Құмайт 
- шар жасалынады, жіп бау жасауға келмейді.
 
Жеңіл құмбалшық
– топырақтан диаметрі 3 мм келетін жіп бау 
жасалынады, бірақ игенде бұзылып кетеді.
 
Орташа құмбалшық
– диаметрі 3 мм жіп бау жасалынады, оны доға, 
шығыр қылып игенде жарылып бөлініп кетеді.
Ауыр құмбалшық
– жіп бауды саусаққа орап сақина жасауға болады, 
бірақ майда сызаттар, жарықтар пайда болады.


Балшық
– топырақ ұзын жіңішке жіпке ширатылады, оны саусаққа екі-үш мәрте еркін 
орауға болады, сақина шығырда жарықтар болмайды.
Бақылау сұрақтары

1. Топырақтың механикалық элементтерінің топтарын атаңыз және олардың көлемінің 
мөлшерін көрсетіңіз. 
2. Қандай көлемдегі механикалық элементтер тобы физикалық балшыққа жатады? 
Физикалық құмға жататын элементтердің көлемі қандай? 
3. Топырақтың механикалық немесе гранулометриялық құрамы дегеніміз не? 
4. Дала аймағында кездесетін жеңіл құмбалшықты қара топырақтың құрамында неше 
пайыз физикалық балшық бар? 
5. Топырақтың гранулометриялық құрамы оның қандай қасиеттеріне әсер етеді? 
Мысалдар келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет