Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


Топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау



Pdf көрінісі
бет64/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау 


Топырақтың гигроскопиялық ылғалы деп ауадағы буланған ылғалды өзінің бетінде 
ұстап тұру қасиетін айтады. Гиграскопиялық ылғалдың мөлшері топыраққа жанасқан ауның 
ылғалдылығына байланысты болады. Ал Ауа буланған ылғалға толық қаныққан кезде 
топырақтағы гигроскопиялық ылғал өзінің шегіне жетеді. Бұл гигроскопиялық ылғал 
мөлшерін максималды гигроскопиялық ылғал деп атайды.
Гигроскопиялық ылғал мен максималды гигроскопиялық ылғалдың мөлшері, 
топырақтың гумус мөлшері мен гранулометриялық құрамына байланысты болады. 
Гранулометриялық құрамы құмды, құмайтты, гумусы аз топырақтарда максималды 
гигроскопиялық ылғал мөлшері 0,5-1,0% болса, ал гумусы мол, құмбалшықты, балшықты 
топырақтарда ол 15-16%-ға дейін болады.
Топырақ құрамына талдау жасаған кезде, барлық топырақ салмағын абсолютты 
құрғақ топырақ салмағына аудару керек. Сонда ғана жүргізілген талдау жұмыстарының 
нәтижелері өзара салыстырмалы шығады.
Топырақтың гиграскопиялық ылғалдылығын анықтау, топырақ үлгілерін кептіргіш 
шкафта 105
0
С температурада кептіріп, оның гигроскопиялық ылғалын буландыруға 
негізделген.
Жұмыс барысы:
Қақпағы бар бос бюксты 105
0
С температурада тұрақты салмағына жеткенге дейін 
қыздырғаннан кейін, оны түбінде CaCI
2
тұзы бар эксикаторға салып суытып,аналитикалық 
таразда өлшейді.
Зерттеуге алынған топырақ үлгілерін диаметрі 1мм електен өткізіп, 5 грамын бюкске 
салып өлшейді. Топырақ үлгісі салынған бюкстің қақпағын ашып, температурасы 105
0
С 
кептіргіш шкафқа 5-6 сағатқа салмағы тұрақты шамаға жеткенге дейін кептіреді. Кейін, 
кептірілген топырағы бар бюксты эксикаторда салқындатып, аналитикалық таразда өлшейді. 
Нәтижелерін төмендегі кестеге толтырады.
6-Кесте топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау 
Бюкс 
номері 
Бюкс 
салмағы, 
г 
Бюкстің 
топырақпен 
салмағы, г
Салмақ, г 
Гигроскопиялық 
ылғалдылық, % 
кептіргенге 
дейін 
кептіргеннен 
кейін 
буланған 
ылғал
құрғақ 
топырақ
с 
а 
в 
а - в 
в - с 
Г 
Гиграскопиялық ылғалды келесі формуламен есептейді.
Г
=
(
а

в
)
(
в

с
)
∙ 100,
Мұнда,
Г – гигроскопиялық ылғалдылық (%); 
(а - в) – буланған су салмағы, г;
(в - с) – құрғақ топырақ салмағы;
100 – пайызға айналдыру коэффициенті.
Ауалы құрғақ топырақты абсолютты құрғақ топыраққа есептеу коэффициентін 
шығару формуласы:
К
г 
=
Г+100
100
Мұнда, К
г 
– топырақтың гигроскопиялық коэффициенті; 
Г – гигроскопиялық ылғалдылық, %.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет