Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет57/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Балшықты жыныстар.
Балшықты жыныстар физикалық және химиялық мүжілудің 
бірлесу нәтижесінде пайда болады. Құрамында ұсақ кесектi жыныстар, оның iшiнде көбiнiң 
диаметрi 0,01 мм-дең кіші бөлшектер болады. Олардың iшiнде көбiнесе каолинит, 
монтмориллонит және иллит тобының минералдары болады және осылар одан басқа 
кремнийдің, темiрдiң, алюминийдiң сулы тотықтары бар, кейде кальцит, доломит, гипс 
кездеседi. Кейде бастапқы минералдар да кездеседi (кварц, далалы шпат, слюда). 
Балшықтар бірталай физикалық қасиеттермен сипатталады. Құрғақ күйінде олар 
борпылдақ немесе тығыз болады. Тығыздарында егер бармақпен үйкелесеңіз, жылтыр алқап 
пайда болады. Барлық балшықтар өте икемді, ылғалды күйінде олар берілген форманы 
құрады және ұзақ уақыт оны сақтайды. Суды көп мөлшерде сіңіріп балшықтар қатты ісінеді 
және көлемі күрт өседі. Құрылысы тығыз қатты цементтелген балшықты жыныстар артллит 
деп аталады, көбінесе олардың су өткізгіштігі шамалы. Құм мен балшықтардың арасында 
аралас балшықты-құмды жыныстар бар-әр түрлі құм, балшық, шаңның бөлшектерінен 


құрылады. Олар көп тараған топырақ түзуші жыныс болып саналады. Құмайттар – сұр сары 
түсті жер тәрізді жыныс, құрамында 10-20% балшық бар, басқа бөлігінде құмды және шаңды 
бөлшектер. Олар жақсы жақсы су өткізгіштігі, тұрақсыз шар құрылады, икемсіз. Құрамында
кварц, слюда, темір тотықтары кездеседі. Құмбалшық - қыртыссыз жер тәрізді жыныс. Құм
мен балшық мөлшеріне байланысты әр түрлі физикалық қасиеттерге ие, олардың 
балшықтарға қарағанда икемділігі аз, су өткізуі жақсы.
Химиялық және органогенді жыныстар.
Химиялық шөгінді тау жыныстары су 
ертіндісінен тұздардың шөгу нәтижесіде жер қыртысында немесе оның үстінде болып 
жатқан химиялық реакциялар әсерінен пайда болады. Мысалы гипс, ангидрид, тас және 
калий тұзы. 
Түгел немесе бір бөлігі жануарлармен өсімдіктердің, микроағзалардың өмір сүру 
нәтижесінде пайда болған жыныстарды органогенді деп атайды. Бұл жыныстар - бор (мел), 
әк - ракушечник, диатомиттер, шымтезек, көмір, сапропель. Көбіне химиялық және 
биологиялық үрдіс табиғатта бір уақытта өтеді және соңында биохимиялық шөгінді денелер 
бөлінеді.
Химиялық шөгінді тау жыныстарға гидрототықтар (бокситтер), фосфаттар 
(фосфориттер), кремнийлі (яшма, диатомит), карбонатты (әктас, доломиттер), тұздар (гипс, 
тас тұзы, калий тұзы) жатады. 
Биохимиялық жыныстар ішінде құрамы органикалық жыныстар бөлінеді, жанғанда 
жылу шығарады. Жанатын көміртекті жыныстардың (көмірлер, жанатын тақта тастар, мұнай, 
шымтезек). Олардың халық шаруашылығында маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет