Байланысты: 2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu
Кесектi жыныстар. Механикалық немесе кесектi жыныстар – магмалық және
метаморфтық жыныстардың химиялық құрамы өзгермей физикалық бұзылу өнiмдерi (3-
кесте).
3-кесте. Кесектi шөгiндi жыныстардың жiктелуі
Жыныстар
құрылымы
Кесектер
көлемi,
мм
Жыныстар аты
Борпылдақ кесектер
Цементтелген
Қырлы
Жұмыр
Қырлы
Жұмыр
1
2
3
4
5
6
Iрi кесектi
100
10-100
1-10
Жақпартас
қиыршық
тастар
Шөгіртас
Қойтас, малта
тас
Майдатас
Жеңілтас
-//-
-//-
Шоғырт
ас
-//-
гравий
Орташа
кесектi
1-0,05
Әр түрлi
Құм
Құмдақ
Құмтас
Ұсақ
кесектi
0,01-0,05
Лөс
Лөс
Алевролит
Алеврол
ит
Балшықты
(пелиттер)
0,01
Балшықтар
Балшықтар
Аргелиттер
Аргелит
тер
Аралас
1
Құмайт
құмбалшық
Құмайт,
құмбалшық
-
-
Үлкен кесектi жыныстар көбiнесе теңiздердiң, көлдердiң, тау өзендердің
жағалауында, әсiресе сол өзендердiң еңкiстi жазыққа шыға берiсiнде көп тараған. Бұлардың
цементтелген бұрышталған жиынтығы брекчия деп, жұмырланғандары – конгломерат деп
аталады.
Құмдар – кең тараған борпылдақ орташа кесектi шөгiндi жыныс. Құмның ең үлкен
алқаптары шөлдер мен шөлді далаларда жинақталған. Өзендердің жағалауында және
олардың террасаларында құмдар жиі топырақ түзуші жыныс болып келеді.
Лөсс - ашық қуқул түсті шаңды құрылымды ұсақ кесекті жыныс HCl-дан қатты
қайнайды, құрылысы ұсақ саңылаулы. Құрылымы жер тәрізді. Лесстер ең жақсы топырақ
түзуші жыныс деп саналады, олардың үстінде құнарлы топырақтар қалыптасады.