Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет55/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

 
Тау жыныстары
Тау жыныстары дегенiмiз – алқап және қабат болып орналасатын, бiр немесе бiрнеше 
минералдардан құрылатын, дербес геологиялық дене. Мысалы, егер гипс шағын болып, 
жақсы қырланған қоспасыз құрылса, ол минерал болады, ал егер ол қыртыс немесе зор 
қабатты және ендi болып орналасса және құрамында әр түрлi қоспалар болса, ол тау жынысы 
болып саналады. 
Барлық тау жыныстары, пайда болуына байланысты үш топқа бөлiнедi: магмалық, 
метаморфты, шөгiндi. Тау жыныстарының 16 км тереңдiлiкке дейiнгі қабаттында жобалап 
алғанда: магмалық жыныстар 60%, метаморфты- 32%, шөгiндi тау жыныстары 8% болады. 
Магмалық тау жыныстары.
Балқынды магманың жер бетiне шықпай жер астында 
бiртiндеп суып немесе жер бетiне шығып төгiліп қатуынан пайда болатын жыныстарды 
магмалық тау жыныстары дейміз. 
Пайда болу жағдайына байланысты барлық магмалық тау жыныстары үлкен екі топқа 
бөлiнедi: терең орналасқан немесе интрузивтi, төгiлген немесе эффузивтi. 
Интрузивті тау жыныстары жер қабатының ішінде жоғары температурада және үлкен 
қысым жағдайында пайда болады. Біркелкі кристалды масса пайда болуымен, әр түрлі 
интрузивті денелер құрып (гранит, сиенит, габбро), тау жыныстарының арасында, балқынды 
магма біртіндеп суыйды және олар қатаяды.
Эффузивті тау жыныстары төмен қысыммен жоғары температура жағдайында 
магманың жер бетіне немесе суға төгілуінен пайда болады. Бұл жағдайда магма, аморфты 
тығыз масса құрып, тез суиды. Тез суу үрдісінде суып жатқан магмадан шыққан газды 
өнімдер бөлігі, саңылау сияқты із қалдырады. Эффузивті жыныстар жоғары саңылаулықпен 
(пемза, жаңартаулы туф), шынылықпен (жанартаулы, әйнек), біріктікпен (базальт) 
ерекшеленеді. Олардың массасы аморфты және жасырын кристалды болады.
Тау жыныстарының минералогиялық құрамы әр түрлі. Олар бір (мономинералды) 
немесе бірнеше (полиминералды) минералдардан құрылуы мүмкін. Мономинералды 
жыныстардың үлгісі болып, жалғыз кальциттен құрылатын мәрмәр, әктас, немесе жалғыз 
кварцтен құрылатын кварцит саналады. Полиминералды жыныстардың үлгісі болып 
ортоклаз, слюда, кварц, платиоклаз және мүйіз алдамыш құрылатын гранит болып саналады. 
Жыныстардың өте маңызды диагностикалық белгісі - олардың құрылымы мен 
құрылысы. Жыныстар құрылымы жыныстарды құраған минералдардың бір-бірімен 
жабысуын және құралған көлемін көрсетеді. 
Эффузивті тау жыныстары жартылай кристалды құрылыммен сипатталады, олар 
мынандай түрлерге бөлінеді: 
1.
Афонитті құрылым-қарапайым көзбен көрінетін, кристаллды дәндердің боомауымен 
сипатталады.
2.
Порфирлы құрылым – тығыз, ұсақ дәнді немесе шынылы негізгі массамен 
сипатталады, ішінде бөлек кристалдар көрінеді.
3.
Шынылы құрылым тұтас кристалданып үлгермеген магмалық массадан құрылады.


Магмалық жыныстар құрылысы массивті және борпылдақ болады. 
Массивті құрылыс – тұтас, минералдар бір-біріне тығыз байланысты болады, ал 
борпылдақ құрылыс - қарапайым көзбен көрінетін саңылаулардың болуымен сипатталады 
(пемза). 
Барлық магматикалық тау жыныстары құрамында кремнезем кездеседі. Егер минерал 
құрамында ол көп болса минерал ашық түсті болады, егер аз болса, минерал түсі күңгірт 
болады. Барлық магмалық тау жыныстары құрамындағы SiO
2
мөлшеріне байланысты 
қышқыл (

65), орташа (52-65), негізді (52-40) және ультранегізді (

40) топтарға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет