Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


 Қуаң дала аймақшасының қара қоңыр топырақтары



Pdf көрінісі
бет44/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

4. Қуаң дала аймақшасының қара қоңыр топырақтары
Бұл аймақша күңгірт қара қоңыр топырақтар куаң дала аймақшасының оңтүстік 
бөлігінде орналасқан. Ауданы 24,3 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар 
облыстарында кең тараған. Ақмола және Қостанай облыстарының оңтүстік бөлігінде
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде де бұл топырақ типшесі біраз ауданды 
қамтиды.
Топырақ түзуші тау жыныстары күңгірт қара қоңыр топырақтардың тау жыныстарына 
ұқсас. Жауын-шашын мөлшері 230-250 мм, Ауаның белсенді температуасының қосындысын 
– 2500-2900
0
. Күңгірт қара қоңыр топырақты куаң дала аймақшасымен салыстырғанда 
жауын-шашынның азайып температураның жоғарлауына байланысты аймақшада өсімдіктер 
жамылғысы селдір-сирек таралған, негізінен жусанды бетегелі-бозды шөптер тобынан 
құралған.
Топырақтың қарашірінділі А қабатының түсі қара қоңыр, қалыңдығы 15-20 см, 
түйіртпектілігі шаңды-кесекті, В
1
–қабатының қалыңдығы – 20-25 см, түсі күңгірт күрең, 
түйіртпектігі призмалы-кесекті. Иллювиалды карбонатты қабат (В
к
) өте тығыздалған және 
карбонаттар ақ дақтар ретінде жиналған.
Қара қоңыр топырақтың қарашірінділі А қабатында қарашірінді мөлшері 2,5-3,5%, 
жалпы азот 0,150-0,200%. Алмаспалы сіңген катиондар мөлшері – 15-25 м-экв. 100 г 
топырақта. Топырақ ертіндісінің реакциясы әлсіз сілтілі (рН 7,3-7,5), төменгі қабаттарда 
сілтілі (рН 8,0-9,0) болып келеді.
Қара қоңыр топырақ типшесінің келесідей тектері бар: кәдімгі, карбонатты, 
кебірленген, тереңнен қайнайтын, толық жетілмеген, аз дамыған.
Қара қоңыр топырақтардың жеңіл гранулометриялық құрамды түршелері негізінен 
Павлодар облысында кең тараған. Ауыр гранулометриялық құрамды қара қоңыр топыраққа 
қарағанда, бұл топырақтардың құнарлылық көрсеткіштері төмен және гранулометриялық 


құрамы жеңіл болғандықтан топырақтардың біріккіштігі төмендеп жел эрозиясына төзімсіз 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет