Республикалық ғылыми әдістемелік журнал Республиканский научно методический журнал


АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата25.02.2023
өлшемі3,64 Mb.
#170146
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Электронка-2

АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ 
ПАЙДАЛАНУ 
 
 
 
 
 
 
Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы
№13 колледж 
Әдіскер 
Орынбаев Ербол Колдасович 
Сабақтың мақсаты (уйретуші)
Автомобиль көлігіне жасалатын 1-техникалық қызмет көрсету 
жұмыстарының сапалы түрде атқаруылының маңыздылығы мен пайдалану ерекшеліктері.
Дамытушы. 
Студенттердің ойлау дағдыларын қалыптастыру. Ортақ проблемалық ой туғызу.
Тәрбиелеуші.
Студенттердің өз ойларын қалыптастыруға жетелеу.Өздік жұмысқа бейімдеу.
Сабақ түрі:
интегралды.
Оқыту-көрнекілік құралдар
. П.Ж. Жүнісбеков «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет», 
плакаттар тақырып бойынша, слайд материалдар, презентация материалы, видео ролик, автошеберхана, 
автокөлік, пайдалану материалдары (майлар түрі), технологиялық жабдықтар, кілттер жиыны.
Үй тапсырмасын тексеру
.Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты тексеру. Бағалау.Журналға қою.
Дәріс материалдары
. ТҚ-1- міндеттері-автомобильдің механизмдері мен агрегаттарының техникалық 
қалпының жұмыс барысында өзгеруін азайту,тиімді жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін, қоршаған ортаны 
қорғауды өз уақытында бақылау, майлау, бекіту, реттеу және басқа жұмыстарды атқару жолымен 
қамтамасыз ету.
Қозғалтқышты пайдалану жөніндегі нұсқау бойынша ауа тазартқыштарға техникалық қызмет 
көрсетіледі.Отын сүзгісіндегі ірі қалдықтарды, артқы белдік тежеуіштерінің қуыстары мен бұраушы 
моментінің үлкейткішіндегі жиналған майды, ауа баллонындағы конденсатты төгу.Аккумулятор 
батареясын тексеру, жалғану клемаларын, сымдардың ұшын,тығындағы желдеткіш саңылауларын 


22 
тазарту, дисцилденген сумен толықтыру. Автокөліктің майлау кестесі мен әзірленген картасына сәйкес 
құрама бөлшектеріндегі май денгейін тексеріп, қажет болса, белгіленген мөлшерге дейін толтыру қажет.
Автокөліктерді пайдаланғанда техникалық қызмет көрсету әрекеттерінің типтері.
Тексеру үшін құрылғылармен жабдықталған құрама бөліктердегі май дәрежесін тексереді, қажет 
болса үстемелеп толтырады. Автомобильдің құрама бөліктері мен тетіктерін пресс-майлағыштың 
көмегімен майлайды.Автомобильдің сыртқы бұрандаларын және басқа да қосылған бекітулерін тексеріп, 
қажет болса мұқият қарап бекітеді.
Белдіктің тартылуын, генератордың, шинадағы ауа мөлшерін тексеріп, қажат болса 
реттейді.Қозғалтқыштың салқындату жүйесіне салқындататын сұйық құйып толтырады. Қозғалтқышты 
оталдырып, оны тыңдау, бақылау аспаптары көрсеткіштерінің белгіленген нормаға сәйкестігін 
тексереді.) Қозғалтқыш картерінің түбінде қаншалықты май қалғанын,радиатордағы салқындатқыш 
сұйықты тексеріді.
Ауа тазартқыштың саңылаусыз тығыз орналасуын тексеріп, қажет болса қалпына келтіреді, ол 
үшін 
ауа 
тазартқыштың 
құрама 
бөлшектерінің, 
оның 
ішінде 
қозғалтқышшығырының 
қалпақшасын,сыртқы бекіткіштерін бекітеді.Отын сүзгісіндегі ірі қалдықты, артқы белдіктегі тежеу 
қуыстары мен бұрау моментінің үлкейткішіндегі жиналған майды, ауа баллонындағы конденсатты төгіп 
тастайды.
Қозғалтқыштың майлау жүйесін қозғалтқыш жұмыс істемей тұрғанда жуады. Қозғалтұыштың май 
тазалайтын сүзгі болмаса, оның құрама бөлшектеріндегі және қуат берілісіндегі майды 
ауыстырады.Автомобильдің құрама бөлшектерін жүргізіп қарап тыңдайды.Байқалған ақауларды 
жөндейді.
Жұмыстан кейін шыққан мұнай өнімдерін жерге төгуге болмайды.Жұмыс аяқталғаннан кейін 
автомобильдің картерінен алынғанмайларды, техникалық қызмет көрсету кезінде алынған басқа да мұнай 
өнімдерін арнайы ыдысқа жинап, есебін жүргізеді.
Автокөліктегі қозғалтқыш майын ауыстырар алдында қозғалтқышты жұмыс температурасына 
дейін қыздыру керек. Содан кейін картер майын төгу қажет.Құйылатын май алдынала қозғалтқышқа 
таңдалады. Шығарған заводтың анықтамасы бойынша майлар дың бірнеше түрлері қаралады.Оның 
ішінде май тұтқырлығы ескеріледі және мезгілге байланысты таңдалады.Жұмысты атқару кезінде 
техникалық талаптар орындалуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет