25
АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМ. АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ ӨЛШЕУ
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылы
№33 орта мектем
Физика пәні мұғалімі
Зинел Салтанат Әділбекқызы
Білім беру ұйымының атауы
№33 орта мектеп
Пәні:
Физика
Бөлім:
7.3А Қысым
Педагогтің аты-жөні:
Зинел Салтанат Әділбекқызы
Күні:
07.02.2023
Сынып: 7 Б
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Оқу бағдарламасына сәйкес
оқыту мақсаты:
7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны
өлшеудің әдістерін ұсыну
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар істей алады:
Атмосфералық қысым,
атмосфералық қысымның өлшем бірлігі туралы біледі. Барометр
құрылғысымен танысады
Көптеген оқушылар істей алады:
Барометр құрылғысы арқылы
атомосфералық қысымды өлшеудің әдісін түсінеді. Барометр-
анероидтың жұмысымен танысады
Кейбір оқушылар істей алады:
Атмосфералық қысымның
табиғатын тәжірибе жасау арқылы ұғынады
Сабақтың барысы
Сабақтың
кезеңі//уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының
әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді
еске түсіру
Оқушылармен сәлемдесу,
оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың
сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру.
Физикалық жұмбақ.
1.Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2.Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың? (Уақыт)
Оқушылар
барлығы
жақсы
көңіл-
күймен
сабақты
бастайды.
Оқушылар
жұмбақты
шешеді.
«Жарайсың,
өте тамаша»
деген қолдау
сөздері
айтылады.
ДК экран
Слайд
26
Жаңа білім
10 минут
Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.(Күш)
Үй тапсырмасы. «Қарбыз тіліктері»
әдісі арқылы сұрау.
1.
Қысым дегеніміз не?
2.
Күш деп нені айтамыз?
3.
Күштің қандай түрлерін
білесіңдер?
4.
Қатынас ыдыстарға қандай
мысал келтіре аласыңдар?
5.
Қысымның өлшем бірлігі 1
Па-неге тең болады?
6.
Газдардың қатты денелер мен
сұйықтардан өзгеше қандай
қасиеттері бар?
«Ұшақ билеті»арқылы топқа бөлу
Барометр-анероид
Барометр
Танометр
Жаңа сабақ.
Мағынаны тану
.Біз қалай тыныс
аламыз? Жаттығу жасайды. Қандай
әсер байқағанын түсіндіреді
Бейне жазба көреді, тақырыпты бейне
жазбаны сұрақтар қойып, талқылау
арқылы ашады.
1. тапсырма
Топтық жұмыс. Оқулықтағы тәжірибе
жасау.
1-топ. «Төңкерілген стақан»
2-топ. « Құрғақ тиын »
3-топ. «Жұқа газет»
1-топ. «Төңкерілген стақан»
Стакан,су,қағаз.Стакандағы суды
қағазбен жауып тұрып төңкергенде,су
ақпайды?Неге?
Өткен сабақ
бойынша
сұрақтарға
жауап
береді.
Оқушылар
алынған
билет
бойынша өз
топтарына
отырады.
Біз қалай
тыныс
аламыз
деген
сұрақтың
негізінде
бүгінгі сабақ
тақырыбын
ашады
Атмосферал
ық қысымға
байланысты
тәжірибелер
жасайды
Әр дұрыс
жауапқа 1
баскетбол
доппен
Жалпы
балл -6
Атмосферал
ық
қысымның
табиғатын
түсінеді
«Екі
https://you
tu.be/s_l0D
LEIS50
ДК экран
Слайд
Стакан, су,
қағаз,газет,
стакан,
27
Бекіту
15 минут
2-топ. « Құрғақ тиын »
.
3-топ. Парта бұрышына сызғыш
қойып, үстін қолмен басқанда, сызғыш
жерге құлайды. Сызғыш үстіне жұқа
газет қойғанда, сызғыш жерге неліктен
құламайды ?
2-тапсырма. «Тарсия» әдісі
. Жұптық
жұмыс. Сұрақтар мен жауап жазылған
қағаз қиындыларын таратады.
1. Үйкеліс күшінің формуласы?
2. Күштің өлшем бірлігі?
3. Қысымның өлшем бірлігі?
4. Заттың тығыздығы деп ....
5. Заттың тығыздығын табу үшін
дененің көлемін……
6. Заттың тығыздығының формуласы?
7. Қысымның формуласы?
8. Қысымның ХБЖ бірлігі.......
3-тапсырма. «Ноутбук» әдісі. Жеке
жұмыс
1.Атмосфералық қысым дегеніміз не ?
2. Атмосфералық қысымды өлшейтін
құралды қалай атаймыз?
Эйфель мұнарасының етегінде
атмосфералық
қысымның 745 мм сын. бағанасына
тең.
Мұнараның биіктігі 324 метр.
Мұнараның
үстіңгі бөлігіндегі қысым нешеге тең?
Оқушылар
сұрақ пен
жауапты
біріктіріп,
математикал
ық
фигураны
құрап
шығып,
сұрақтың
жауабын
табады.
Оқушылар
берілген
сұраққа
анықтама
береді.
Есепті
шығарады.
жұлдыз, бір
ұсыныс »
әдісі арқылы
топтар бір-
бірлерін
бағалайды.
Әр дұрыс
жауапқа 1
баскетбол
доппен
бағаланады.
Жалпы балл-
8
Сұрақтарға
жауап
береді.
Атмосферал
ық қысымға
байланысты
есептер
шығарады
Жалпы балл-
5
сіріңке,сызғ
ыш
Қағаз
қиындылар
ы, желім.
28
Кері байланыс
Сабақтың соңы.
10 мин
Бағалау
Үй тапсырмасы
Кері байланыс. «Тикток »
әдісі арқылы
Бүгінгі сабақ бойынша рефлекция
Мен сабақ ұнады _____________
қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Менің сабақта айтарым бар:
_____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен бүгінгі сабақты басқаларға
бөлісемін ______________
4. Мен бүгінгі сабақта есіме сақтадым
______________
Сабақ соңында әр тапсырманың
бағалау критериилері бойынша жалпы
баллдық жүйемен бағалау. Жалпы
балл саны -10.
1 топ. Атмосфералық қысымның
техникада қолданылуы
2 топ. Атмосфералық қысымның
медицинада қолданылуы
3 топ. Атмосфералық қысымның тірі
табиғаттағы қолданылуы
Сабақтан
алған әсерін
стикерге
жазады
Сабақ
барысында
орындаған
тапсырмалар
бойынша
жинаған
доптарын
баскетбол
себеттеріне
салады
Стикерлер
29
ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Атырау облысы, Атырау қаласы
Ж.Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп лицей-интернаты
Физика пәні мұғалімі
Қажетеров Ақылбек Теміртасұлы
Қазіргі таңда білім беру саласындағы жаңашыл үрдістерге сай физика пәнін оқытуда сындарлы
оқыту теориясына жүгіну тиімді. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген
анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең
тараған. Заманауи жаңашыл оқыту заман талабы болып саналады қазіргі таңда нені оқыту емес қалай
оқыту маңыздырақ болып отыр. Осы бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына
қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Аталған теория оқушылардың ойлауын
дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,
мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады.
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып пәнге деген
қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сындарлы
оқыту технологиясы. Бұл әдіс елімізде 1997 жылдан бері таныла бастады. Физика –мектепте оқытылатын
негізгі жаратылыстану пәндерінің бірі. Сындарлы оқыту теориясы оқушыларды сыни ойлауға жетелейтін
жол. Сыни тұрғыдан ойлау-өзіндік жеке ойлау. Сындарлы оқыту теориясының басты ерекшелігі жеті
модульдің негізінде құрылады. Физика және астрономия сабағында кем дегенде екі-үш модульді қолдана
отырып сабақ өткіземіз. Әсіресе сындарлы оқыту теориясының жеті модулінің ішіндегі ең тиімді модуль
оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Сабақ барысында оқушы қалай оқу керектігін меңгереді
метатаным пайда болады, оқушы нәтижеге жетуге ұмтылады.
Сындарлы оқытудың мақсаты –оқушының пәнді тереңірек түсіну қабілетін дамытады, алған білімін
сыныптан тыс жерде қолдана алуы. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат
тұтқан мұғалімнің өз сабағын оқушының сұранысына қарай ұйымдастыруын талап етеді. Білім берудегі
бұндай міндеттер оқушылардың меңгергелі отырған тақырыптары бойынша білімдерін өз деңгейінде
көрсетіп сабақ барысында өз ойларын ашық білдіре алатын, тақырыпқа байланысты өз ойлары мен
пікірлерін нақты айтып көрсете алатындай ұйымдастырылады.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін жетілдірудегі негізгі тұлға мұғалім. Оқушының пәнге
деген қызығушылығы мен пәндік білімін көтеруге қолайлы орта жасайтын мұғалімнің
шеберлігі.Сындарлы оқытудың басты ерекшелігі- мұғалім өзімен қоса оқушыларын да өзгертуге тиіс.
Білім саласындағы жаңашылдық пен әдіс-тәсілдерді, түрлі технологияларды меңгеру барысында мұғалім
де оқушы да өзгереді. Өзгеріс дегеніміз жаңа әдіс-тәсілдер. Кез-келген пәнді соның ішінде тарих пәнін
оқытарда балалармен шағын тренинг өткізіп алған дұрыс. Сынып бөлмесінде ынтымақтастық орта жасап
алу арқылы оқушылардың көңіл –күйін бақылауда ұстауға болады. Жағымды атмосфера қалыптастыру
арқылы мұғалім пәнді игеру кезінде жоғары жетістікке қол жеткізеді.
Сындарлы оқытудың негізгі алғышарты сыни ойлау дамыта оқыту ұстанымдарына
негізделгендіктен, оқытудың тиімді түрі болып табылады. Сол арқылы оқушылар өздігінше ізденіп,
шешім қабылдау дағдыларын арттырады. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін
зерттеуге және бақылауға мүмкіншілік бар.
Оқушылардың сыни ойлануын қалыптастыру үшін мынадай тұжырым қалыптасады: оқушының
өткен тақырыпты қайталап үнемі жаңғыртып отыруы, жаңа тақырыптардағы тарихи оқиға мен тарихи
құбылыстарды салыстыра отырып зерттеу, өз пікірін ортаға салу дәлелдеу, топта пікірін білдіріп отыру
болып саналады. Сындарлы оқыту теориясын меңгерген мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық
қарым-қатынас орнайды. Тарих сабағы ауызша сабақ болғандықтан теорияға көп арқау сүйенеді. Кеңестік
дәуірден қалған дәстүрлі оқыту кезінде сыныпта тек мұғалім көшбасшылық танытса, Кембридж
30
бағдарламасының негізінде сабақ барысында мұғалім мен оқушы ынтымақтасып бірге жұмыс жасайды
және мұғалім тек бағыт –бағдар береді. Оқушы өз кезегінде жаңа тықырыпты ашып өз бетімен зерттеп
оқиды. Сыныпта мұғалім мектептің жүрегі болса оқушы сол сапалы білім алудағы көмекші тұлға ретінде
қарастырылады. Сапалы білім мен оқу тек мұғалімнің міндеті емес оған ата-ана мен қоғамның, қоршаған
ортаның да берері мол. Сындарлы оқыту теориясы негізінде мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін
үйретеді, дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім
бағыттаушы болып танылады. Қазіргі таңдағы жаңашыл үрдісте білім алатын оқушылар басты тұлға
болып өздігінен білім алушы болып саналады.
Жан-жақты дамыған білімді тұлға қалыптастыруда тәрбиенің алатын орны ерекше. Қоғамда ата-
ана, мектеп, сынып жетекшісі болып бірігіп жұмыс жасау арқылы баланың терең білім алуына өздігінен
ізденіп оқуына жағдай жасалады. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді жан-жақты терең
түсіну қабілетін дамыту, алған білімін кез-келген ортада қолдана алуы. Мұғалім қызметіндегі маңызды
дүние-кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оқтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Сыныпта оқушының мәселені түсіну деңгейін анықтап отыру, Сабақ барысында мұғалім бақылаушы
болып қалады. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырма беру арқылы олардың пәнге деген
қызығушылығын арттыруға болады. Жас ерекшелігіне қарай деңгейлік тапсырмалады бере отырып
оқушының қандай деңгейде тақырыпты меңгергенін анықтаймыз.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» болып табылады. Сабақ негізінде маңызды
мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау –
Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі таңдағы ең басты әдіс. Сыни
тұрғыдан ойлау әдісі екі жақты қарастырылады: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы және
мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы ақпарат пен
идеяларды саралау қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау, басқалардың пікірімен санасу болып
табылады. Мұғалімдердің сыни тұрғыданы ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану
және бағалау әрекеттерін айтамыз.
Сындарлы оқыту барысында оқушы өзін –өзі бағалай алады және оқу үшін бағалаудың әділ
болатындығына көз жеткізеді. Тақырыпқа байланысты қосымша дереккөздер қолдану арқылы өз ойын
жан-жақты дәлел келтіру арқылы пікірін білдіреді. Сыныпта қолайлы орта қалыптастыру арқылы мұғалім
оқушы мен сабақтыі әр кезеңін бақылай алады. Пәннің жоғары деңгейде меңгерілуіне мұғалімнің
шеберлігі де әсер етеді. Кез-келген кедергіні шешу арқылы оқушының жаңа тақырыпты толық меңгеруіне
жағдай жасалады. Топтық және жұптық жұмыстар кезінде сыныптағы оқушылардың басым бөлігі
ашылып жұмыс жасайды.
Сындарлы оқыту теориясының мақсаты балаға дайын білім бермей, оқытудың әдістерін қолдана
отырып, өз бетінше білім алуға, алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. Мұғалім сындарлы оқыту
арқылы оқушылардың қалай оқу керектігін үйретіп соның нітижесінде еркін, өзідік дәлел уәждерін
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық
технологияларды құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Білікті мұғалімнің
негізгі мақсаты-сабақ үрдісін ұйымдастыру жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың
шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өздік танымдық біліктілігінің дамуын ұйымдастыру.
Қазіргі таңда мұғалім менеджер ретінде болуы тиіс. Жаңа форматты мұғалімнің басты мақсаты- оқыту
жүйесіне заманауи әдістемелерді енгізу. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейде қол
жеткізген оқыту әдістемелерінің бірі сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілдерді қолдану. Сол
жаңа тәсілдердің бірі диалог негізінде оқыту мен оқу болып табылады. Сабақта диалог құру,
серіктестермен әңгімелесу әдіс-тәсілдерін пайдалану тиімді. Себебі сабақты талқылау, пікір таластық
әңгімелесу, диалог құруы, берілген сұрақтарға оқушылардың бірін- бірі жауабын толықтыруы, сабақтың
мақсатын ашып, сыни тұрғыдан ойлауын дамытады.
Сын тұрғысынан ойлаудың дағдыларын дамыту сыныпта тиісті орта жасауды талап етеді. Осы
бағытта мұғалім мен оқушы бірге жауап береді. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту –күрделі
мәндет, сондықтан когнитивті психологияның негізгі түсініктері мен тұжырымдамаларына көңіл аудару
қажет. Когнитивті психология негізін салушылар ақыл, қабілеткритерийлерін айқындау арқылы
оқушылардың танымдық әрекетін дамытады.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында
ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бңр тақырыпты оқып меңгеру кезінде өз түсінігін
31
өзгертуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту теорясын қолданған кезде мұғалім мен ата-ана арасында
тығыз қарым-қатынас болуы керек, сол арқылы оқушының терең жан-жақты білім алуына жағдай
жасалады. Мұғалімдер өз кезегінде өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар
аударуы тиіс. Сол мақсатта мұғалім оқыут ортасын құруы тиіс, соның арқасында оқушылар ақпаратты
енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталағн. Ол маңызды мәселелерді талқылау
және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді
дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Мектепте тарих сабағын
оқыту кезінде тарихи даталармен және оқиғаларды оқушыға қолжетімді құралдармен жеткізу үшін осы
сындарлы оқыту теориясын қолдану өз жетістіктерін беруде. Сыни тұрғыдан ойлана алатын оқушы өзінің
қандайдеңгейде тұрғанын және өзін –өзі бағалау арқылы өзінің деңгейін де анық көрсете алады. Сыни
тұрғыдан ойлау арқылы оқушы сабақта өткен тақырыптың өзіне керегін алады және қоысмша іздену
арқылы тың мәліметтер жинайды. Күнделікті сабақты түрлендіріп отыру арқылы оқушылардың нені
қалайтынын бақылап сабақ барысын өзгертіп отыруға болады. Оқушы сабақта нені қалайтынын
тақырыптан өзіне керек мәліметті қалай алатынын білу арқылы мұғалімге кері байланыс жасап отырады.
Мұғалім мен оқушы ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасаса жаңа тақырып толық әрі жоғары
деңгейде меңгеріледі деген тұжырым қалыптасады.
Сындарлы оқыту теориясы барысында мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырады, оқу
материалы және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша
түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал. Нәтижеге қол жеткізу үшін түсіну емес, есте
сақтау қажет. Мадақтау немесе жазалау оқушылар мотивациясының негізі. Сындарлы оқыту
теориясының түпкі нүктесіне –түсіну жатады, қоршаған орта туралы білімдер статистикалық және
тиянақталатын білім болғандықтан, өздігінен ұғынылытан нәрсе болып табылады. Сындарлы оқыту
оқушылардың қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде
қарастырылады. [8]
Қазіргі таңдағы жаңашыл үрдісте сабақ беретін мұғалімге ата-ана мен мектеп басшылығының,
әріптестерінің қолдауы өте қажет. Ата-ана мен сынып жетекшісі және өзге пән мұғалімдері ұжымдасып
жұмыс жасау арқылы оқушының сапалы білім алуына қолайлы орта жасайды. Қоршаған орта мен
сыныптас достарының да оқушының заманауи технологияларды меңгеріп терең білім алуына ықпал
етеді. Кез-келген жағдайда заманауи жаңашыл үрдісте сабақ беретін мұғалім өз пәнінде инновациялық
түрлі әдіс –тәсілдерді қолдану арқылы оқушының пәнге деген жалпы білімге деген пікірін өзгертіп
өздігінен оқуына ықпал етеді.
XXI ғасырдағы жаһандану кезіне сай білімді жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті, кез-келген
кедергіні жеңіп шығатын жаңашыл үрдістегі ұрпаққа білім беруде сындарлы оқыту теориясының берері
өте мол. Тарих ол адамзат баласының өткені, ата-бабаларымыздың ең алғаш тарихта пайда болуы мен
олардың ғасырлар бойы даму сатысы мен эволюциясын оқып білу жас ұрпаққа міндет болып саналады.
Қорыта келгенде оқушылардың тарих пәнін толық жан-жақты зерттеп білім алуына сындарлы
оқыту теориясының берер пайдасы мол. Сындарлы оқу теориясының әдіс –тәсілдерін қолдана отырып
өскелең ұрпаққа білім беру арқылы жаңашыл мұғалім олардың бәсекеге қабілетті оқушы болып
қалыптасуына жол береді.
Ендеше осы салада тарих сабағын жаңашыл үрдісте оқып білуде сындарлы оқыту теориясын
меңгеріп сол тәсілдерді қолдану арқылы оқушылар білімді терең меңгере алады. Оқушылар тек
оқулықпен ғана шектелмей өзге де дереккөздермен жұмыс жасау арқылы үнемі өздігінен ізденіп отыруы
шарт. Сыныпта алған білімін жаңғыртып сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамиды алған білімін өмірлік
азығы ретінде пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |