36
жүргізген ұлт көсемінің жан тыныштығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне деген жаңа биліктің
айрықша құрметі мен шексіз қамқорлығы болып көрінуі мүмкін. Алайда, кеңес өкіметінің бастапқыда
В.И.Ленин кейіннен И.В.Сталин жалғастырған осынау “қамқорлығының” астарында ұлт көсемі
Ә.Бөкейханды туған халқынан оқшаулап, есімін қазақ тарихы мен жадынан өшіру қитырқұлығы
жатқанды.
Кеңес өкіметі Алаш қайраткерлерінің 6,5 миллион қазақ халқының алдындағы шексіз беделі мен
айрықша құрметінен сақтанып әрі Қазақстандағы билік тетіктерінен айырылып қалу қаупінен сезіктеніп,
оны ырқынан тыс Мәскеуде күштеп ұстауға мәжбүр болды. Әлиханның осынау өмір белесінің қилы
кезеңі не бір беймәлім сырларды бүгіп жатыр. Десе де қолда бар әрі Ресейдің Мәскеу, Самара және өзге
де қалаларынан табылған жаңа құжаттармен мұқият танысу, сондай-ақ Алам көсемінің туған-
туысқандарымен жақын серіктерінің естеліктері қайраткер Әлиханның туған жерінен жырақта өткен
өмірінің соңғы кезеңінің жарқын болмысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Патша тақтан құлап, дүние бүгілген бұлғақ жылдарды қазақ хандығының еңсе көтеріп кетеріне
сенген Әлихан Бөкейхан: “Азаттық таңы” атты. “Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн
теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта,
құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті.
Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өзімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге
жеткізген құдайға мың шүкіршілік!” деп толғанды. Бұл сөзді өз мұратының шамшырағы етті. Бірақ бұл
арман арада 70 жыл өткеннен кейін орындалды.
Әлихан Бөкейханов: “Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын” деген сертке соққан
семсердей сөзін өзінің бүкіл саналы өмірімен ақтап шықты. “Бостандыққа қуаныңдар, мені басшымыз
деп айтқандарың шын болса, міне, мен өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға уәде беремін, сендер уәде
бересіңдер ме бостандықтың жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдар: бишараны жемеуге,
партияны қойып, бірігуге, бас пайдасымен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштеріңді ғылым
жолына, бостандық арқасымен көгеру жолына жұмсауға керек” деген сөздерінің астарын зерделесек
ұлылықтың тағы бір ұлағатын ұға түсеміз.
Қорытындылай келе, бүгінгі тәуелсіздігіміздің тарихи негіздерін қалаған Алаш ұлттық-
демократиялық парламенттік республикалық жылдығында Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт перзенттері
лайықты ұлықталуы керек. Тәуелсіздікпен рухтанып өскен саналы ұрпақ, жаңа толқын даңқты
бабаларымыздың шын мәніндегі мұрагерлері болуы үшін де Алаш қайраткерлерінің мұрасынан рухани
нәр алып отыруы шарт. Ұлтшылдық сезімге қуат, ізгілік пен мейірімге шуақ дарытып, ар-ұждан
тазалығына тәрбиелейтін Әлихан Бөкейхан ғұмыр бәйгесінде Алштың алар асуы асқарлы, шығар биігі
зәулім болғай!
Достарыңызбен бөлісу: