Республикалық ғылыми әдістемелік журнал Республиканский научно методический журнал



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата25.02.2023
өлшемі3,64 Mb.
#170146
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Электронка-2

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


19 
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАМЫЗДЫҢ БІРІҢҒАЙ МОДЕЛЬІ ҚАЛЫПТАСТЫМА ?
 
Алматы каласы 
Алматы мемлекеттік Жаңа технологиялар колледжі 
Экономика пәнінің оқытушысы 
Еставлетова Аяулы Аскабыловна 
 
Көп сөз айтпай бірден сандарға көшсек, кез келген мемлекеттің экономикалық дамуын ЖІӨ (Жалпы 
ішкі өнім) макроэкономикалық көрсеткішімен анықтауға болады. ЖІӨ дегеніміз – мемлекет аумағында 
бір жылдың ішінде өнірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын көрсететін 
макроэкономикалық көрсеткіш. Яғни, ЖІӨ көлемі жоғары болса, ол мемлекеттің экономикасы қуатты 
болады. Егер жан басына жаққандағы ЖІӨ көлемі жоғары болса, онда ол мемлекеттегі өмір сапасы 
жоғары деген сөз. Халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы, кедейшілік деңгейі төмен бай 
мемлекет деп есептеледі. 
Әрине, қазіргі таңда экономистердің арасында бұл шын мәніндегі халықтың өмір сүру сапасын, 
елдің даму деңгейін толық көрсете алмайды деген пікірлер бар. Дегенмен, бұдан басқа әлемдегі елдердің 
дамуын салыстыра алатындай көрсеткіш әлі табылмады. Сондықтан ол жаңалық ашылғанша ЖІӨ 
мемлекеттердің дамуын бағалайтын негізгі көрсеткіші болып қала береді. Төмендегі суретте 
Қазақстанның ЖІӨ өсімі көрсетілген. 
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша әзірленді 
Соңғы жиырма жылдағы еліміздің экономикалық өсімін көруге болады. Жалпы тәуелсіздік алған 
жылдарда экономикамыз өтпелі кезеңнен өтті. 1998 жылдарда ол Азия дағдарысы жылдарына ұласты. 
Экономикамыз негізінен тек минус көрсеткіштерді көрсетті. Өсім болмады деп айтуға негіз бар. 
Ал 2000 жылдан бастап бірден экономикалық өсімді көреміз. ЖІӨ орташа өсімі 2000-2007 ж.ж. 
10,3 пайызды көрсетті. Егер қандай да бір мемлекеттің ЖІӨ жылына 10 пайыздан өссе, әрі ол ондаған 
жылдарға ұласса елде экономикалық ғажайып болады. Тарихтан Германия экономикалық ғажайыбы, 
Жапония экономикалық ғажайыбы, Оңтүстік Корей экономикалық ғажайыбы деген ұғым пайда болды. 
Бұл мемлекеттер өздерінің бірегей ұлттық экономикасының моделін қалыптастыра алды деп айтуға 
толық негіз бар. 
Ал Қазақстанда экономикалық ғажайып болуға сәл қалып еді, болайын деп болмай қалды. Себебі 
2007-2009 жылдары әлемдік қаржылық дағдарыстың салқыны еліміздің де экономикалық дамуына кері 
әсерін тигізді. 2009 жылы ЖІӨ өсімі 1,2 пайызға дейін төмендеді. 
Бұл дағдарыстан шығу үшін үкімет "5 батыл қадам" деген дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге 
асырды. Ұлттық қордан 10 млрд доллар бөлініп, 4 млрд доллары банкротқа ұшыраудың алдында тұрған 
банктерді құтқаруға, 2 млрд доллар үлескерлердің мәселесін шешуге, 2 млрд доллар шағын және орта 
кәсіпті қолдауға, 1 млрд доллар ауыл шаруашылығына, 1 млрд доллар индустрияландыру бағдарламасын 
жүзеге асыруға жұмсалды. 
2010 жылдан бастап экономикада жандану фазасы орныға бастады. Экономикадағы қалыпты 
жағдай 2014 жылға дейін жалғасты, 2013 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 6 пайызға өсіп, Қазақстан 
50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кірген болатын. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 13 600 долларды 
құрады. Бұл әлемдік көрсеткіштермен есептегенде елдің әлеуеті, табыс деңгейі орташадан жоғары деп 
бағаланды. Қазақстан донор елдердің қатарынан орын алды. 
Сөйтіп, Ауғанстан елінің 100 жас азаматына мемлекетіміздің универсиеттерінен 100 грант 
тағайындалды. Әлемнің біраз елдеріне астық тасымалдап көмек көрсете бастадық. Тіпті көрші 
Қырғыстанға да 100 млн АҚШ долларын бөлмекші едік. Әрине бұл өз ықтиярымыздан емес, бұл донор 
елдердің алдына қойылатын талап болған соң осындай көмектер жасай бастадық. 
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінен әзірленді 
Графиктен көріп отырғанымыздай, 2014 жылдан бастап экономика қайтадан құлдырау фазасына 
өтті. Дағдарыс басталды, мемлекетімізде бұл дағдарысқа қарсы "Нұрлы жол" бағдарламасы, "100 нақты 
қадам" бағдарламасы әзірленді. Экономистер экономикада жүйелік дағдарыстың басталғанын тілге тиек 
ете бастады. Алайда біраз қарсы пікірлер де болды. "Айды аспаннан шығарғандары несі, бізде бәрі жақсы, 
экономикамыз қалыпты, ешқандай дағдарыс сезіліп жатқан жоқ" – дегендер болды. 


20 
Алайда 2014 жылда ЖІӨ 4,2%-ға төмендесе, 2015 жылы 1,2%-ға дейін түсті. Осы орайда 
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін, ұлттық қордан аударылған трансферттер халықтың 
болып жатқан дағдарысты сезбеуінің негізгі себебі болғанын атап өту қажет. Тек 2015 жылдың 20 
тамызында теңгеміз еркін айналымға жіберілген кезде ғана, экономикада тұрақсыздықтың бары айдан 
анық болды. 
2015 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 13,6%-ға жетті. Бағалар өсті, 
түрмыстық техника мен тұрмыстық химия заттары 2 есеге дейін қымбаттаса, кейбір дәрі-дәрмектер 
бағасы 3 есеге дейін өсті. Бұл халықтың төлем қабілеттілік деңгейінің күрт төмендеуіне әкеліп соқты. 
2016 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі соңғы 18 жылда болмаған көрсеткішке дейін төмендеді, 
жуықтағанда 1%-ға ғана өсті. Экономикада стагнация орын алды. Стагнация – экономикалық өсім 
болмай, тұралап қалуы деген сөз. Тіпті халық арасында "90-шы жылдар болып кетті ме, сол уақыттағы 
жағдайлар қайта қайталанып кетті ғой" – деген пікірлерін естідік. 
Қазақстан экономикасының өсім көрсетуіне немесе төмендеуіне не себеп болды? 
Қазақстанның экономикалық ғажайыбы болуға сәл жақындаған қай сала деген сұраққа жауап 
берсек. Оған қатты ойланудың да қажеті жоқ, ол негізінен шикізаттық сала, минералды ресурстар, мұнай 
мен газ екенін көреміз. Оған келесі сурет дәлел бола алады. Мына сілтемеден алынды 
Суретте Brent маркалы мұнай бағасының өзгерісі келтірілген. Қазақстандық мұнай бұл марканың 
сапасынан нашарлау, дегенмен жақын болғандықтан мұнай бағасына болжамдар жасағанда осы марканы 
пайдаланады. Суреттен 2014 жылдан бастап мұнай бағасы бірден төмендегені көрінеді. Тиісінше біздің 
елдің экономикасында дағдарыс байқалады. 2016 жылы ЖІӨ 1%-дық өсім көрсетуі де мұнай бағасының 
1 баррелі 27 долларға дейін төмендеуі әсерін тигізді. Баррелі 30 доллардан төмен болып қалуы мүмкін 
деген жағдай түсіне де кірмеген біздің үкімет әбден абдырап қалды. 
Әрине, соңғы 2017 жылдағы ЖІӨ 4,2%-дық өсімі де 2018 жыл қорытындысы бойынша 3,9% өсім 
болуы мүмкін деген болжам да осы мұнай бағасының қалыпты болуының нәтижесі деп кесіп айтуға толық 
негіз бар. 
2006 жылға дейінгі 10%-дық өсімнің болуына қара алтынның бағасының жоғары болуы әсер еткен. 
2006 жылы 1 баррелі 148 долларға дейін өскен болатын. 2009 жылғы тоқырау кезінде мұнайдың 1 баррелі 
38 долларға дейін төмендеді. 2010 жылдан бастап мұнай бағасының 1 баррелі 100 доллардың үстінде 
саудалануынан аздап өсім болды. 
Сондықтан мұнайдың Қазақстан экономикасындағы үлесінің өте жоғары екенін көреміз. енді келесі 
жылы экономикамызды қандай жағдай күтіп тұр деген сұраққа жауап беретін болсақ. Оны да келесі 
жылға мұнай бағасына жасалған болжам арқылы суреттеуге болады. Төмендегі суреттен әлемдегі ірі 
қаржылық институттардың, рейтингтік агенттіктердің 2019 жылға мұнай бағасына жасалған болжамын 
көруге болады. 
Аталған институттардың 2019 жылға 1 баррель мұнайдың бағасына жасалған болжамдары негізінде 
құрастырылды 
Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша 1 баррель $55, Ресей экономика 
даму министрлігі – $63, Халықаралық Валюта қоры – $70, АҚШ энергетика министрлігі – $72, Goldman 
Sachs –$70-80 аралығында болады деп болжаған. Орташа алғанда $75. Әлемдік банк –$69, Bloomberg – 
$63, Thomson reuters – $73 доллар болады деп отыр. Орташа есеппен $67,5 шығады екен. 
Егер, келер жылы осы болжам сақталса, онда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3-4% 
көлемінде қалады. Жалпы, еліміз үшін мұнайдың 1 баррелі $50 дан жоғары болса, экономикамызға 
қолайлы деуге болады, одан төмендеген сайын үкімет: "егер $40 долларға түссе бір жоспарымыз бар, тіпті 
жағымсыз жағдайлар қалыптасса, $30 доллар болса, екінші жұмыс жоспарымыз бар" деп елдегі 
әлеуметтік жағдайды қалыпты ұстауға арналған бағдарламаларын іске асыратынын өткен жылдар 
байқатты. 
Қазақстан сияқты дамушы мемлекет үшін ЖІӨ 3-4%-дық өсімі жеткіліксіз болады. Ол – дамыған АҚШ, 
Батыс Европа елдері үшін жақсы өсім, себебі олардың ЖІӨ көлемі триллиондаған доллар. Ал біздің ел 
үшін 2050 жылға дейін 30 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіреміз десек, кем дегенде 6-7%-дық өсім 
болуы керек. 
Ал енді АҚШ-тың Иранға салынған эмбаргоның (санкцияның қатаңдатылған түрі, шектеу) 
салдарынан әлемге тасымалданатын мұнай көлемі азаюының нәтижесінде мұнайдың 1 баррелі $100 
долларға дейін өсіп кетуі мүмкін деген болжамы да бар. Егер олай болса, Қазақстан экономикасының 


21 
қайтадан шикізаттық салаға тәуелділігі артып, соңғы жылдары басты назар аударылған экономиканың 
нақты секторындағы бағдарламалар өз жайында қалып қалуы мүмкін. Сондықтан экономикасы қуатты 
әртараптандырылған мемлекет 
құрамыз десек, мұнай бағасының тым қымбаттауының кері жағы Голландық ауруға алып келуі мүмкін 
екенін қаперде ұстағанымыз жөн. 
Жақсы болжамдарға қарамастан, мұнай бағасы келесі факторлардың әсерінен күрт құлдырап кетуі 
мүмкін: 
· Нарықтың толып кетуінен: OPEC елдері 2019 жылы мұнай өндіру көлемін ұлғайту туралы шешімін 
қабылдады; 
· Дамушы нарықтардағы сұраныстың төмендеуі: 2010 жылдан бастап Қытайдың ЖІӨ өсу қарқыны 
баяулаған (2010 ж – 10,4%, 2013 ж – 7,7%, 2015 ж – 6,9% 2016ж. – 6,7% 2017ж. – 6,9%); 
· Баламалы энергетиканың дамуы: 2020 жылы АҚШ, ЕО, Қытай сияқты ірі нарықтарда энергияның 20%-
дан 30%-ға дейін баламалы энергия көздерін пайдаланатын болады. 
Алдағы келешекте негізінен мұнай бағасы құлдырайтын болады. Сондықтан Қазақстан 
экономикасын шиказаттық бағытынан арылтып, әртараптандыру, индустрияландыру жолына түсу – 
қазіргі заман талабы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет