С. Ж. Бахтиярова


- міндет. Кедергілерден секіру техникасына ҥйрету



Pdf көрінісі
бет100/124
Дата27.02.2023
өлшемі4,4 Mb.
#170339
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124
Байланысты:
БАХТИЯРОВА С.Ж. Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі (63-66 беттегі материалдарды қарастыру)

2- міндет. Кедергілерден секіру техникасына ҥйрету.
Кедергілерден секіру спортшылардан санның артқы және 
алдыңғы беткейінен жақсы иілгіштігін, жамбас буындарында 
қозғалмалылықты қажет етеді. Сондықтан, бҧл тапсырманы шешуге 
кӛшпес бҧрын ең алдымен шҧғылданушыларды бҧлшықеттің және 
байланыс аппаратының иілгіштігі мен созылғыштығын дамытуға 
бағытталған жаттығулармен таныстыру қажет. 
 
1.
Тіректе бір аяқта тҧрып, екінші аяқпен алға-артқа қарай 
сермеулер жасалады.
2.
Тірекке қарама-қарсы тҧрып, тік аяқпен оң және сол жаққа 
сермеулер жасалады.
3.
Алға қарай еңісімен және қолмен еденге жеткізіп жҥру. 
4.
Алға қарай қозғалыстармен және серіппелі тербеулерімен, ал 
содан кейін алға қарай еңісімен жҥру және шынтақты еденге дейін 
тигізу. 
5.
Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тҧрып, аяқты тізеден 
бҥгіп, табанды бӛксе деңгейіне дейін жеткізу. 
6.
Аяқтарды кеңінен қойып серіппелі тербеулермен, біресе оң, 
біресе сол аяққа кезекпен-кезек отыруларды жҥзеге асыру. 
7.
«Кедергі адымы» қалпында (сермейтін аяқ алға қарай 
созылған, серпімелі аяқ бҧрышымен жанына қарай апарылып
бҥгіледі) отыру. 
8.
Бастапқы қалып алдыңғы жаттығудай болады. Еденге қолдар-
мен тіреліп, «кең адым» қалпын қабылдап, жоғары қарай кӛтерілу. 
Еденнен табанды алмай «кедергі адымы» қалпында орналасу, бҧл 
кезде итермелі аяқ алға қарай созылған, ал серпілетін аяқ жанына 
қарай кӛтерілген.
9.
Гимнастикалық «атта», кедергіге немесе басқа да тірекке 
тізеден бҥгілген аяқты қою, алға және жанына кӛтерілген аяқпен иілу. 
10.
Кедергілерде, гимнастикалық қабырғада немесе гимнасти-
калық «атта» жанымен тҧрып, тірекке тізеден бҥгілген аяқты қою. 
Жанға кӛтерілген аяқты, ал содан кейін алға-тӛмен, қарама-қарсы 
тҧрған аяққа иықты және қолды бір уақытта тҥсірумен дененің еңісін 
орындау.
Мҧнда және ары қарай жаттығуды жайлап қиындатумен жҥргі-
зіледі. Шҧғылданушы барлық айтылған жаттығуларды жайлап 
меңгеруі қажет. Жҥгірушілер жеткілікті кедергілердегі секіру икемді-
лігіне ие болғаннан кейін, ары қарай сабақ процесінде жаттығулар 
саны және оларды қайталау мӛлшері қысқарады.
Бҧлшықет және байланыс аппаратының иілгіштігін, созылғыш-
тығын дамыту және кедергілерден жҥгіру техникасымен таныстыру 


168 
шарасы бойынша шҧғылданушылар кедергіден секіріп ӛту техникасы 
және олардың арасындағы жҥгіру ырғағын меңгеруге кӛшеді. 
Келтірілген жаттығулар кедергілерден жҥгіруге қимыл-қозғалыс 
кезектілігін мақсатқа сай орындауға сәйкес келеді. 
65 сурет. Әйелдерде кедергілерден секіріп ӛтудің орындалуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет