Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет140/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ВЕСТ
ВЫГО


137
телейді, оны өздігінен ойлантып-
толғантуға, әрбір зат пен құбылыс-
тың мазмұн-мағынасын пайымдай 
білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-
тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым 
күрделендіріп, заттар мен құбылыс-
тар арасындағы себепті байланыстар-
ды зерделей танитын міндеттерге 
машықтану керек.
Егер табиғи дамуда баланың психи-
касы күрделеніп, сана-сезімі жетіле-
тін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары 
арқылы оның дүниетанымы мен бі-
лімінің шеңбері кеңейеді. Оның да-
мып жетілуі, сыртқы ортадан түйсі-
ніп, қабылдаған, көріп білгендерін ой 
елегінен өткізіп, санасының өрісте-
уіне әсер етуі сыртқы факторлардың 
(экстериоризация) ішкі факторларға 
(интериоризация) айналуымен бел-
гіленеді. Осы жайт Л.С.Выготский-
дің адамның мәдени-тарихи дамуы 
жайындағы теориясының мәнісінен 
туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді
бір ерекшелігі: баланың айналасын-
дағы адамдармен қарым-қатынас 
жасауда тарихи тәжірибелерді, ты-
ныс-тіршілік шындығын өзгелердің 
сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жа-
намалай үйренуі. Осылайша, бала 
өзінің дербестігін, жеке басының пси-
хикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеу-
меттік ортадан меңгерген білімі мен
әр алуан мағлұматтары оның ішкі
дүниесінің, психикасының дамуын-
дағы ең жоғарғы функция, яғни бол-
мыстың бала санасындағы бейне-
ленуі деп аталады.
Баланың басынан кешірген әр қилы 
оқиғалар мен болмысты белгі, таңба-
лар ретінде танып-біліп, мән-жайын 
түсінуі оның жан дүниесін байыта-
ды, яғни мұндай процесс баланың әр-
бір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, 
ақылмен пайымдай білуін қалып-
тастырады. Выготскийдің айтуын-
ша, дамудың осы жолы бойынша 
материалдық (заттық) дүние жоға-
ры психикалық қызмет арқылы мә-
дени факторға (оның бейнесіне) ай-
налады. Сондай-ақ жаттаудың сөз-
дік-мағыналық еске айналуы, нәрсе-
лердің бейнесін көз алдына келтіріп 
елестетуі – сол зат жайындағы ойлау 
әрекетіне алып келеді, немесе бұлар 
шығармашылық қиялға айналады: 
қарапайым қимыл-қоғалыстар ерік-
ті қимыл-әрекеттерге ауысады. Жоға-
рыда айтқанымыздай, ішкі процес-
тер толығымен сыртқы әсерлер нә-
тижесінде пайда болып, қайтадан 
ішкі процестерге (интериоризация) 
айналады. Психикалық құбылыс-
тардың пайда болуы туралы осы пі-
кір, баланың мәдени дамуындағы кез 
келген функциясының сыртқы кө-
рінісінің сахнаға шығуы екі түрлі 
бағытта анық байқалатынын көрсе-
теді. Оның бірі – әлеуметтік сипатта, 
екіншісі психологиялық сипатта кө-
рініп отырады. Даму процесіндегі 
мұндай психикалық заңдылық алды-
мен адамдардың өзара қарым-қаты-
насы арқылы өріс алса, жақсы бай-
қалады. Л.С.Выготский «Жоғары пси-
хикалық функциялардың даму тари-
хы» дейтін еңбегінде (1931) осы пікі-
рін одан әрі жалғастыра түсіп, «бала-
ның жоғары психикалық функциясы 
әлеуметтік ортада ересектермен қа-
рым-қатынас жасау арқылы туындап 
отырады, осы жағдайда ғана оның 
сана-сезімі өсіп жетіледі», – дейді. 
Л.С.Выготскийдің бұл тұжырымы 
«баланың дамуының жақын арада-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет