139
лық мектептің негізгі қосқан үлесі –
«міндет» ұғымын енгізуі (В.Уайт).
В.м. өкілдері интроспекция әдісін
өзгертті. Субъекттің өзінің ішкі ойла-
ры, елестері, күйзелістері жөніндегі
есебі белгілі бір қойылған сұраққа
жауапты іздеу, белгілі бір міндетті
шешу жолымен жүрді. О.Кюльпе «Ой-
лау психологиясы» еңбегінде ойлау
мен ерікті зерттеуде интроспекция-
лық әдісті қолданды.
Зерттеген мәселелері: «эмпирикалық
ойлау» деп аталатын және формал-
дық логика заңдарына сүйенетін «та-
за ойлаудың» нақтылы жүзеге асуын
көрсететін психикалық актілер мен
күйлер. Н.Ахтың тағы бір қосқан үле-
сі – «детерминациялық тенденция-
лар» тұжырымдамасын шығарып,
негіздеуі. Басқаша айтқанда, бұл –
себептендіру теориясы. Адамның бо-
йындағы осындай детерминациялық
тенденциялары адамды түртіп оты-
ратын, санадан тыс процестерге жа-
тады.
Ойлау өзінен-өзі пайда болып қа-
лыптаспайды. Ол тікелей сыртқы ор-
та әсерінен пайда болады. Сезімдік
елестер мен ойлаудың арақатынасын
түсіндіруде бұлар мынадай пікірде
болды. Өз-өздігінен сезімдік елестер
мен олардың кез келген үйлесімі тіпті
оңай логикалық есепті шешіп бере
алмайды. Себебі, есепті шешу үшін
берілген міндеттің сезімдік көрінісі-
нен тыс, одан еркін болатын, есептің
(міндеттің) шарттары мен талаптары
арасындағы қатынастарды ашу мен
саналау маңызды болып табылады. В.м.
өкілдері ойлаудың басқа психикалық
процестерден өзіндік ерекшеліктерін
көрсетті: тұтастылығы, белсенділігі,
бағыттылығы, бейнесіздігі және т.б.
В.м.-тің негізгі идеялары О.Зельцтің
еңбектерінде жалғасын тапты.
Ол ойлауды интеллектуалдық опера-
циялардың қызмет етуі ретінде анық-
тады. О.Зельц өз алдына ойлау іс-
әрекетінің қандай да бір нәтижесінің
жүзеге асуындағы интеллектуалдық
іс-әрекеттің әрбір сатысының қыз-
метін анықтау мақсатын қойды. Қа-
тынастарды саналау әрекеті ретіндегі
ойлауды түсіндіру үшін оның міндет-
ті шешуде жүзеге асырылатын әре-
кет немесе операция ретінде қарасты-
ру керек. О.Зельц міндетті шешу ба-
рысы мен тәсілдерін сипаттауда үш
ұғымды енгізді: арнайы реакция, яғ-
ни берілген жайтта қойылған мақсат-
қа сәйкес келетін объективті қажет-
ті жауап.
Достарыңызбен бөлісу: