Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет148/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ГЕШТ
ГИПН


144
басқа адам бейнесінің иландырылуы, 
субъективтік уақытты ауыстырып-
түйістіру).
Мұндай өзгерістердің бар екендігін 
арнаулы физиологиялық сынамалар 
мен психологиялық тестілер рас-
тайды. XIX ғасырдың ортасына де-
йін Г. туралы түсініктер гипнозда-
ушы ерекше «флюидтер» немесе 
толқындар таратады деп ұғынуға не-
гізделді. И.П.Павловтың еңбектерін-
де гипнозға материалистік түсінік 
берілді. Физиологиялық теориялар 
гипнозды орталық жүйке жүйесіне 
тән сипатты күй деп қарастырады. 
Психологиялық теориялар гипноз-
ды субъекттің қалыпты санасының 
ерекше жағдайларда өзгерген түрде 
функция атқаруы деп пайымдайды. 
Психотерапияда жанжалдарды және 
тұлға ұстанымдарын гипноанализдеу 
секілді арнаулы әдіс қолданылады.
Г. техникасын қолдану субъект са-
насының функция атқаруының әртүр-
лі деңгейлері кезінде мінез-құлықты 
эксперименттік әдіспен зерделеуге 
мүмкіндік береді. 1. гипноз, арбау; 
2. гипноз арбап ұйықтату, еркінен 
айыру; гипнозбен емдеу. Сендірудің 
ықпалымен сананың уақытша бөлініп 
тасталуы немесе өзінің қылықтарын 
саналы бақылаудан айыру. Г. – жасанды 
жолмен келтіретін ұйқыға ұқсас күй.
ГИПОТАЛАМУС
– 32 жұп жүйке 
ядроларынан түзілген ми құрылымы. 
Ол гипофизбен қосылып, гипоталамо-
гипофизарлы жүйені түзіп, оның яд-
ролары организмнің кешенді күрделі 
қызметтерін, яғни мінез-құлықтық 
қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді. 
Ол вегетативті жүйке жүйесі мен эн-
докринді бездердің қызметтерін рет-
теуге, ми қыртысының басшылығына 
қатысады. Г-ты адамның эмоциялық 
жағдайлары, оның әсіресе лимфа 
жүйесіндегі бөлімнің маңызы ерекше.
ГОРМОНДАР
(грек. – қоздыру,
ояту) – биологиялық белсенді ішкі 
секреция қызметінің жемістері. Г. 
ағзаның тіршілік үрдісінде маңызды 
рөл атқарады. Балалық жаста Г. ағ-
засының дамуына әсер етеді. Гипофиз 
қызметінің бұзылуы, гормондардың 
артуы немесе әлсіреуінен көрінеді. 
Гипофиз зақымдануы бойдың өсуі-
не зиян келтірумен қоса, балалар ағ-
засындағы заттар алмасуын қатты 
бүлдіріп, әсіресе семіріп кету, жыныс
бездерінің дамымай қалуы немесе 
кешігіп дамуы, психика жағынан 
өзгерістер болуын (әлсіздік, селқос-
тық, естің, ақылдың, т.б. бүлінуі) 
туғызады.
ГОСПИТАЛИзМ 
(ағылш. 
hospital

аурухана) – психикалық және фи-
зикалық мешеулік синдромы. Туыл-
ғаннан бастап алғашқы жылдары 
баланың жақын ересек адамдармен 
қарым-қатынасының жетіспеуінен
көбінесе баланың балалар мекемесі-
не (балалар үйіне, ауруханаға және 
т.б.) орналастыру салдарынан пайда 
болады. Г. бала қозғалыстарының 
дамуының кешеуілдеуінен, әсіресе 
кеш жүруінен, тілі кеш шығуынан, 
эмоциялық жұтаңдығынан, мешел
болуынан және т.б. көрінеді. Өте 
ауыр жағдайда Г. психикалық ауыру-
ға (сәбилік маразм), жұқпалы ау-
румен жиі ауыруға, кейде баланың 
өліміне апарып соғады. Г. санитария 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет