Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет156/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ДАМУ
ДАНЫ


151
адамның бәрі бірдей данышпан бола 
бермейді. Психологияда Д. деп өте 
сирек кездесетін қабілеттердің ең 
жоғарғы дамыған түрін атайды. Д. 
адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің 
ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Д. 
қасиет адамның жалпы және арнау-
лы қабілеттерінің жинақталып ерек-
ше нәтижелерге қол жеткізуі.
Д. – өмірдің шындығын, яғни оның 
себебі мен салдарының үйлесімділі-
гін тану. Адамның нақты жағдайын, 
орны мен рөлін анықтап, оны сала-
уатты өмір сүруге жеткізетін іскер-
лікті, білімпаздықты және жақсы-
лықты дәлірек түсіну; ақиқат пен 
әділеттікті адамның мұрат-мүддесі-
не қолдануды бетке ұстау, адам қыз-
метін сын көзінен, қажет биігінен 
өткізу арқылы оның ой-сезіміне, әре-
кетке деген іштей дайындығына, адам-
гершілік мұратына лайықты мағы-
на табу; ыстық қайратты, нұрлы ақыл-
ды, ыстық жүректі бойда сақтау, қа-
телеспей сөйлеу және керектіні ғана 
істеу – адамгершілік пен имандылық-
тың таласы; осы мінез-қабілеттерге 
жеткізетін әр-түрлі жағдайды байып-
пен айналдыру, яғни даралық тұ-
тастығын сақтау. Д. – өмірді, бола-
шақты ойлай біліп, ақылдылықпен 
айтылған сөз; аса білгірлікпен жасал-
ған іс-әрекет, көрегендік пен көсем-
діктің көрінісі.
ДАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ 

адамдардың даралық психологиялық 
және қылықтық айырмашылықтарын 
сипаттайтын, түсіндіретін және зерт-
тейтін психология ғылымының сала-
сы. Д.п. фрейдизмнен тармақталған, 
А.Адлер талдап-белгілеген психо-
анализ бағыттарының бірі. Д.п. тұл-
ғаның құрылымы ерекше «өмір сти-
лі» бес жасқа дейінгі бала кезден не-
гізі қаланады дегенді негізге алады. 
Осының өзі оның одан кейінгі бүкіл 
дамуын анықтайды. Өзінің дене мү-
шелері жете дамымағандығы себеп-
ті балада кемсіну сезімі болады, оның
оны ескеріп, өзін-өзі көрсету әреке-
тінде мақсат қалыптасады.
Бұл мақсат шынайы болса, тұлға 
дұрыс қалыптасады, ал жалған болса, 
неврозды, әлеуметтікке қарсы болып 
қалыптасады. Ерте жаста туа біткен 
әлеуметтік сезім мен толыспағандық 
сезімі арасында қақтығыс пайда бо-
лып, өтем және астамдық өтем меха-
низмдерін іске қосады. Осыдан ба-
рып жеке билік жүргізуге, басқалар-
дан үстем болуға тырысушылық, мі-
нез-құлықтың әлеуметтік құндылық 
нормаларынан ауытқушылық туын-
дайды.
Психотерапияның міндеті – нев-
роздық субъекттің өз мақсаттары мен
түрткілерінің болмысқа сай емес еке-
нін ұғынуына көмектесу, өзінің то-
лыспағандығының есесін өтеуге ты-
рысуы шығармашылыққа бағытта-
луына бағдарлау. Д.п. идеялары 
көптеген елдерде тұлға психология-
сында ғана емес, әлеуметтік психоло-
гияда да тарап, топтық терапия әдіс-
терінде пайдаланылды. Д.п. неофрей-
дизмді жақтаушыларға ықпал етті. 
Д.п.-ның әдістемелік шектеулігі, ең 
алдымен, психикалық дамудың күн
ілгері мәлімдігі туралы тұжырым-
даманы қорғайды; бұл даму телео-
логиялық тұрғыда әу бастан терең 
негізделген мақсаттарды жүзеге асы-
ратын даму деп ұғынылады. Даралық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет