Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет158/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ДАРЫ
ДАРЫ


153
Дарынды адамдардың қабілеті әдет-
те ерте ашылатынын зерттеу жұмыс-
тары байқатып жүр. Дарынды бала-
лар мектептің оқу бағдарламасын 
ерте меңгереді. 5-6 жаста ондай бала-
лар өзінен екі есе үлкен балалардың 
білгенінен артық білетін болады. 
Кейде дарынды балалардың мектеп-
тегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері 
де кездеседі. Мәселен, Д. Байрон, В. 
Скотт, Ч. Дарвин бала күндерінде түк 
білмейтіндердің қатарында саналған. 
Олардың көпшілігі өз уақыттарын 
өлең жазып, сурет салып, көбелек ұс-
тап, коллекция жинауға, немесе химия-
лық тәжірибе жасауға сарп етеді. 
Мұндай дарынды адамдардың бала-
лық шақтары туралы көптеген шығар-
малар әлі де сақтаулы. Айталық, Дю-
рер үш жасында өз портретін салған, 
жеті жасар Моцарт төрт соната жа-
зып үлгірген. Лист, Шопен мен Ие-
гуди Менухин он бір жасында үлкен 
концерт қоюға қатысқан.
Тоғыз жасар Гете неміс, латын, грек
тілдерінде өлең жазатын болған. «Қа-
зіргі математиканың негізін салушы» 
Гаусс үш жарым жасында әкесінің 
салық төлеу жөніндегі есебін көріп, 
соның қатесін шығарыпты, сөйтіп 
әкесінің 25 талер ақшасын сақтап 
қалыпты деседі. Ол алгебралық есеп-
тер мен сандар теориясы жөніндегі 
өзінің дарынын ерте танытқанға ұқ-
сайды. Гаусс өзінің ең басты жаңа-
лықтарын негізінен 14 пен 17 жас-
тың арасында ашыпты.
«Кибернетиканың атасы» Норберт 
Винер бес жасынан бастап ғылымға 
ден қояды да тоғыз жасында 18 жа-
сар балалармен бірге оқиды. 12 жа-
сында колледжге түсіп оқып, 14 жа-
сында оған ғылыми атақ беріледі. Не 
бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан 
Уәлиханов та аз ғана ғұмырының 
ішінде адамзаттық ғылымға, оның 
көптеген саласында (әдебиет, тіл, эт-
нография, география, шығыс тану т.б.) 
баға жетпес көп үлес қосты. Ол му-
зыка, сурет саласында да, публицис-
тика мен жазушылық өнерде де өзін 
жоғары биіктен көрсете білді. Шоқан 
жөнінде С. Мұқанов былай деп жаза-
ды: «Аз өмірі осынша тығыз, зұлым-
дықпен арпалыса жүріп атқарып 
үлгерген еңбегінде қисап жоқ:... Шо-
қанды... 27 жасында өлген Лермон-
товтың, 24 жасында өлген Добро-
любовтың қатарында деп түсінеміз. 
Шоқан да солар сияқты: шын ма-
ғынасындағы талант, шын мағына-
сындағы данышпан».
Алты жасар Таня Федина, музыкаға 
мейлінше дарынды болды. Ол фор-
тепьянада көптеген композиторлар-
дың, сондай-ақ өз шығармаларын та-
маша орындаған. Оның фортепьяна 
үшін жазған пьесалары, космонавтар 
туралы әндері бар. Таня отыздан аса
ән және осындай аспаптық шығарма-
лар (вальстер, прелюдиялар, фанта-
зиялар т.б.) жазған. Мәселен, оның 
космонавтарға арнаған «Титов мар-
шы», «Терешковаға», «Космонавтарға 
хат» деген шығармалары бар. Ол 
Москва консерваториясы жанында-
ғы орталық музыка мектебінде оқып 
жүргенде бір актілі опера жазған.
Дарынды адамдарды ғылым саласы-
нан да көптеп кездестіреміз. Мәсе-
лен, қазіргі атақты совет математигі 
С. Мергелян 16 жасында университет-
тің бірден екінші курсына қабыл-
данғаны белгілі. Ол жиырма жасын-
да ғылым докторы дәрежесін алды. 
Академик Л. Ландау орта мектепті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет