Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


негі- зінде балада айқындалатын және  соларды пайдаланып



Pdf көрінісі
бет155/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

 
негі-
зінде балада айқындалатын және 
соларды пайдаланып
 
оның шынайы 
дамуына мүмкіндіктер.
Дамытатын күштер
 
– балаларды оқы-
ту мен тәрбиелеуде ересектердің өз
алдына қойылатын мақсаттары, яғни
баланың өзін-өзі жетілдірудегі қажет-
тіліктері.
ДАМУ ФАКТОРЛАРЫ 
– баланың 
психикалық және қылықтық да-
муын анықтайтын факторлар жүйесі. 
Даму факторы тәрбиелеу, оқыту, 
тәрбиешілер мен оқытушылардың пе-
дагогикалық дайындықтарын, оқыту 
құралдары мен әдістерін және бала-
ның психологиялық дамуына әсер
ететін басқа да жағдайларды қарас-
тырады. Даму шарты – адамның да-
муына ықпал ететін
 
факторлар (оның 
айналасындағы бала кезінен қорша-
ған адамдар,
 
олардың арасындағы 
қарым-қатынастар, материалдық жә-
не
 
рухтық, мәдени заттар мен құбы-
лыстар және т.с.с.). Дамудың эво-
люциялық теориясы – баланың пси-
хикалық және қылықтық дамуында-
ғы үрдістердің барлығы генотиппен 
анықталады және ұрықта болмаған 
нәрсенің ешқайсысы даму кезінде 
көрініс бермейді деп түсіндіретін те-
ория. Сензитивтік кезең – адамдағы 
психологиялық қасиеттер мен қылық 
түрлерін дамытуға ыңғайлы жағдай 
тудыратын адам өмірінің кезеңі.
ДАНЫШПАНДЫҚ 
– адамның ақыл-
ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы 
дәрежеге көтерілуі. Данышпандық 
қасиет – адамның жалпы және ар-
наулы қабілеттерінің жинақталып, 
ерекше нәтижелерге белгілі іс-әрекет 
саласында қол жеткізуі. Д. – бүкіл 
адамзаттың игілігі үшін өшпес, өл-
шеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді 
парасаттылықпен шеше алатын адам-
ға тән психологиялық қасиет. Ақыл-
ойдың, білімнің молдығы, кең өріс-
тілігі, бүгінгі ақыл-ой жеткен өреге 
сүйене отырып, келешекті болжау, ой 
қорытып, түйін жасау, ғылымның ке-
лер көкжиегінің жетер жерін анықтау-
ға арналған ой-тұжырымы бар пара-
сатты адамдарды данышпан адам деп 
атайды.
Аристотель, әл-Фараби, Қожа Ахмет 
Иассауи, Шоқан Уәлиханов, Абай 
сияқты әмбебап данышпан ғұламалар 
аз емес. Ақыл-ойы, білімі мол, білгір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет