148
деп шыққан. Негізгі еңбектері: «Ви-
ды обобщения в обучении», «Логи-
ко-психологические проблемы пос-
троения учебных курсов». М., Педа-
гогика, 1972; «Проблемы развиваю-
щего обучения», «Опыт теоретичес-
кого и экспериментального психоло-
гического исследования». М.: Педа-
гогика, 1986; «Теория развивающего
обучения». М., 1996.
ДАҒДЫ
– алғашқыда саналы орын-
дауды қажет ететін іс-әрекет бөлік-
терінің қайталап жаттығудың нәти-
жесінде автоматталынуын
дағды
деп
атайды. Д. санасыз қайталау нәти-
жесінде де қалыптасатын іс-әрекет
болуы мүмкін. Соның нәтижесінде
ол автоматталған әрекетке айналып,
оңай, шапшаң әрі дәл орындалып
отырады. Дағдының физиологиялық
негізі – динамикалық стереотип.
Мыс., алғаш жазып үйрене бастаған
бала бастапқы кезде өзінің барлық
қозғалыстарын санасымен бақылап,
көптеген артық қимылдар жасайды
(оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-
қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз
қиналады. Ал жазуға төселген адам
өз қозғалыстарын байқамайды, оның
орнына жазған нәрсесінің мазмұны-
на ерекше зейінін бөледі. Өйткені соң-
ғыда жазу дағдысы автоматталынған.
Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі
емес, жеке компоненттері (құрамда-
ры) ғана автоматталынады.
Дамыған дағдылардың кейбір бел-
гілері:
1) Д. алудың белгісі – әртүрлі амал-
ды тез орындап, шапшаң қимылдау
(мыс., спорттық ойындардағы спорт-
сменнің дағдысы);
2) Д. қалыптасқаннан кейін күште-
ніп, зорланып, қиналып істеу жойы-
лады (мыс., инеге жіпті жылдам
сабақтай алмау, жазуға төселмей тұр-
ғандағы балада байқалатын ебедей-
сіздік т.б. адамда әлі де дағдының
жоқтығының белгісі);
3) Д-ланудың үшінші белгісі – бірқа-
тар жеке амалдарды біріктіріп, одан
тұтас бір амал жасай алу. Мыс., бала
алғаш әріпті танығанда, сөздерді
әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, ке-
йін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп,
жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отыр-
майды, сөйлемдерді шапшаң оқитын
болады;
4) Көзбен бақылаудың маңызы ке-
міп, қозғалыс пен бақылаудың ма-
ңызы артады (мыс., жазу дағдысы
баланың қозғалыс түйсіктерінің же-
тіле түсуін қажет етеді, тәжірибелі
машинистка да қағаз басуда көздің
көмегіне сүйенбей, саусақтардың қи-
мыл-қозғалыстарына ерекше көңіл
бөледі);
5) Д-ға машықтану үшін алдын ала
қабылдай алу қабілетінің болуы,
мыс., машинистка мәтінді көшірген-
де, әрдайым оның көзі алға жүгіріп,
қолынан озып кетіп отырады. Қолы
бір сөзді басқан кезде, оның ойында
бірер сөз әзір тұрады. Мәнерлеп оқуда
да көз бірер сөздің көлемінде болмай,
тұтас сөйлемді, тіпті бірнеше сөйлем-
ді қамтиды.
Адам мәтіннің мағынасын түсінумен
қатар алдағы сөздердің мағынасын
да аңғара алады. Мұны психология-
да дағдының антиципациясы (лат.
антиципатио деген сөзі, қаз. күні бұ-
рын біліп қою деген мағынаны білді-
реді). Д. адам әрекетінің қай-қай-
Достарыңызбен бөлісу: