147
ғалымдардың шығармашылығына
индивидуумдық көзқарас еңсеріледі:
Бұл шығармашылық оның барлық ас-
пектілерінде (зияттық, мотивациялық
,
коммуникативтік және т.б.) ғылым
дамуының объективтік заңдарымен,
оның тарихи өзгермелі құрылымда-
ры – пәндік-логикалық және әлеумет-
тік құрылымдарымен шарттасты-
ғында қарастырылады. Ғ.п. инди-
видуумдық және ұжымдық қызмет
жағдайында ғылыми білімдерді
өндірудің психологиялық механизм-
дерін зерттейді, ғылыми кадрлардың
психологиялық даярлығы, тиісті тұл-
ғалық сапалар мен ұстанымдардың
диагностикасы мен қалыптасуы, шы-
ғармашылықтың жасқа қатысты
динамикасы проблемаларын талдап-
белгілейді, ғылыми коммуникациялар-
дың, жаңа идеялардың қабылдануы
мен бағалануының, зерттеулердің
автоматтандырылуының (компью-
терлендірілуінің) психологиялық ас-
пектілерін талдайды.
Ғ.п-ның бір тарауы ғылымның
әлеуметтік психологиясы болып та-
былады; ол ресми статусы бар, сон-
дай-ақ бейресми әртүрлі ұйымдар
мен ұжымдардағы ғалымдардың
қызметін, қарым-қатынастары мен
тұлғааралық қатынастарын зерттей-
ді. Бейресми ұйымдар мен ұжым-
дарға, атап айтқанда, ғылыми мек-
теп және «көзге көрінбейтін кол-
ледж» (әртүрлі мекемелерде жұмыс
істейтін және бір-бірімен ауызша
және жазбаша түрдегі жекелей бай-
ланыстарымен қарым-қатынас жа-
сайтын ғалымдардың бірлестігі)
жатады. Ғ.п. ғалымдар арасындағы
қарым-қатынастың функцияларын
мәдениеттілікке жетелейді және оның
мазмұнын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: