Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет160/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ДӘМС
ДӘСТ


155
ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасып, 
дамып келді. Оның озық үлгілері ұр-
пақтан-ұрпаққа көшіп, қазіргі заман-
ға жетті. В.Г.Белинский салт-дәстүр-
дің өміршеңдігі жөнінде: «әдет-ғұрып 
заманауи бойында сыннан өтеді, олар 
ата-бабадан әулетке мұра болып ауы-
сып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа 
жетеді, бұлар халықтың ішкі-сыртқы 
бейнесі болып табылады. Онсыз ха-
лық бет әлпетсіз бейне, болымсыз
тас мүсін тәрізді...» – дейді. Әр ха-
лықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-
ғұрпы болады. Олар сол халықтың 
ерекше белгісі болып, өзіндік пси-
хологиясының негізгі көрсеткіші бо-
лып есептеледі.
Дәстүр халықтардың тіршілік кәсі-
біне, наным-сеніміне, өмірге деген
көзқарасына байланысты туып, нақ-
ты жағдайларға орай өзгеріске тү-
седі, оның тұрмыс салтынан негізгі 
айырмашылығы – оның тұрақтылығы 
мен баяу өзгеретіндігі. Мәселен, қазақ 
халқы жаугершілік заманда қой со-
йып, оның қанына найзасын малып, 
бір-бірімен анттасқан. Мұны бұзған-
ды ант атсын деп серттескен. Бертін 
келе қоғамның дамуының жаңа бе-
лесінде анттасу салты жойылғаны 
белгілі.
Дәстүр сабақтастығы ұлттар ара-
сындағы қарым-қатынаспен тығыз
байланысты. Әртүрлі ұлт пен ұлыс-
тарда қайталанбайтын таза ұлттық 
дәстүр сирек кездеседі. Мәселен, қа-
зақтардың ұлттық ою-өрнек, жиһаз, 
тағам, ойын-сауық дәстүрлері басқа 
халықтарда өзінше орын алады. Мә-
селен, қазақтың көкпар тарту ойыны 
кейбір өзгешелігімен өзбек, түрікмен, 
қырғыз, монғол, ауған елдерінде де
кездеседі. Киіз үй тігу көшпелі халық-
тардың бәріне ортақ. Алайда оның 
құрылысында, ою-өрнек әшекейін-
де, әр ұлтқа тән ерекше белгілері 
байқалады. Палау, манты, сорпа, тұш-
пара көпшілік ұлттарға ортақ тағам 
болғанымен, әр ұлт өзіндік тағам 
дайындау технологиясымен ерекше-
ленеді.
Ұлттық болмыс-бітім адам мінезі-
нен, іс-әрекетінен ерекшелене көріне-
тін құбылыс. Ұлттық мінез-құлық 
сол ұлтқа тән психологиялық өзіндік 
сапамен ерекшеленіп, көзге түседі. 
Мәселен, қазақтарда бауырмалдық, 
ақжарқындық, қонақжайлылық мі-
нез-құлық болса, өзбектерде май-
да, сыпайы мінезділік, тілі тәтті, 
үйірсектік орын алса, орыс халқына 
тән еңбекқорлық пен төзімділік, 
қоғамдағы түрлі өзгерістерге тез бе-
йімделгіштік т.б., американдықтарға 
тән құнттылық, ағылшындардың 
салқынқандылығы мен немістердің 
ұқыптылығы, испандықтардың қызу- 
қандылық ерекшеліктер байқалады. 
Бұдан осындай қасиеттер басқа ха-
лықтарда кездеспейді деген ұғым 
тумайды.
Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлт-
тардың өзара достық байланысы 
ұлттық психиканың құрылымына 
игі әсерін беріп, бірнеше ұлтқа ортақ 
ізгі, өнегелі салт-дәстүрлердің пайда 
болуына әсерін тигізеді. Мәселен, 
еліміздегі көптеген этностардың қа-
зақстандық халық болып аталуы –
осы айтылғандардың жақсы дәлелі.
Қазақ халқының бала тәрбиесіне 
байланысты дәстүрлері үш үлкен 
топқа бөлінеді. Оның біріншісі: нә-
рестенің дүниеге келген күнінен бері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет