Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет166/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ДИДАКТОГЕНИЯ 
(грек. 
didakti- 
kos
– үйретуші, ұқтырушы және ge-
nes – пайда болған) – тәрбиеші (пе-
дагог, жаттықтырушы, басшы және 
т.б.) тарапынан педагогикалық әдеп-
тің бұзылуы салдарынан оқушының 
жағымсыз психологиялық жай-күйі
(көңіл күйінің нашарлауы, қорқы-
ныш, түңілу). Фрустрациядан, қорқы-
ныштан, тұнжыраңқы көңіл күйден 
және т.б. көрінеді. Оқушының іс-
әрекеті мен жеке тұлғалар арасын-
дағы қарым-қатынасқа теріс әсер 
етеді. Д. невроздарға себепші болуы 
мүмкін. Дидактогенияның пайда бо-
лу негізіне оқушының педагогтің кі-
нәсінен алған психикалық зақымы 
жатады. Бұдан Д. мен балалардағы 
невроз нышандарының ұқсас екені 
көрінеді. Дидактегонияның неврозға 
айналып кету жағдайы жиі кездеседі.
Мұндай да баланы психотерапия 
әдістерімен арнайы емдеу қажет бо-
лады. Кейбір педагогтар оқушыны 
көпшілік алдында кемшілігін айтып
жазалауды дұрыс деп санайды.
Ұстаздық қарым-қатынастың мұн-
дай түрі мектеп психогигиенасы тұр-
ғысынан өте зиянды болып есеп-
теледі. Өйткені оқушының оқу іс-
әрекетінде жақсы жетістіктерге же-
туіне әсер етпейді. Осыдан ұстаз бе-
делі төмендейді; оның әділетті еке-
ніне оқушының сенімі жоғалады; 
баланың эмоциялық тепе-теңдігі үшін 
қажет психологиялық қорғаныш сезі-
мі нашарлайды. Д. пайда болмау үшін 
әрбір ұстаз қарым-қатынаста барынша 
әдепті болуға ұтылып, тәрбие ба-
рысында оқушылардың жас ерек-
шеліктері мен жеке психологиялық 
қасиеттерін ескеріп отыруы қажет.
ДИСТИНКЦИЯ 
(лат. 
distinctio – 
айыру) – заттар арасындағы немесе 
сананың өз элементтері (түйсіктер, 
ұғымдар, т.б.) арасындағы объектив-
ті айырмашылықтарды бейнелейтін 
сана актісі. Ұғымның анықтамасын 
алмастыратын тәсіл ретінде де Д. 
қолданылады (мыс., сутегінің отте-
гінен айырмашылығы мынада: оның
өзі жанады, бірақ жануды қолда-
майды). Д. термині орта ғасырларда 
пайда болды. Схоластар бұнымен 
объективті айырмашылықты да, нақ-
ты мәнді, себепті (Д.т.б.) ой айырма-
шылығын да (Ақыл Д-сы, субъективті, 
формалды, т.б.) көрсетті. Д. терми-
ні қазіргі уақытта да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет