160
лелерді зерттеген отандас психолог.
Гимназияны
бітірген соң Мәскеу
университетінің жаратылыстану фа-
культетіне түсіп, кейінірек тарих-фи-
лология факультетіне ауысады (ең
алғашқы зейіннің толқуына қатысты
зерттеулерді жүргізеді) да, 1915 жылы
сол аталған факультеттегі «психоло-
гия» мамандығын бітіреді. 1925 жылы
«Зейіннің толқуы» деп аталатын та-
қырып бойынша кандидаттық дис-
сертация қорғайды. Мәскеудің уни-
верситеттерінде доцент, содан кейін
профессорлық атағын алады. 1925-
1935 жж. Психология институтында
аға ғылыми қызметкерлігінде болып,
1937 жылы «Зейін психологиясы»
тақырыбы бойынша докторлық дис-
сертация қорғайды. Шығармалары:
«Колебания внимания» М.,1928,
«Введение в психологию» М.:Л., 1929,
«О теории и воспитания внимания»
//Советская педагогика. 1938. №8,
«Психология» М.,1950, «К 70-летию
со дня рождения Н.Ф.Добрынина»
//Вопросы психологии. 1960, № 3.
ДОМИНАНТА
– (лат.
dominans –
қаз.
үстемдік ету
) –
деген мағына-
ны білдіреді. Өзекті қажеттілікпен
немесе зейіннің үстемділігімен адам-
ның миында өктемдік ететін қозу оша-
ғы. Мидың көршілес аумағындағы
әлсіз қозуларды тартып күшеюге қа-
білеттілігі. Д. – жүйке орталығының
негізгі заңдылығының бірі.
Қозған
орталықтың басқа алаптағылардан
да күшейіп кетуін үстемділік (до-
минанта) заңы деп атайды. Доми-
нанта түсінігін және оның қасиетін
А.А.Ухтомский (1875-1942) жылы
ашып, ғылымға (1923) енгізген. Доми-
нанта теориясы адам мінез-құлығының
басқа да қажеттіліктерінің пайда бо-
луының
физиологиялық негізін ғы-
лыми тұрғыдан түсінуге мүмкіндік
береді. Сыртқы дүниенің көптеген
тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі
миға көбірек әсер етеді де, мидың бір
алабын қаттырақ, күштірек қоздыра-
ды, осындай алапты
д о м и н а н т а
деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш
алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу
үрдістерін өзіне тартады.
Осыдан
мидың күшті қозған алабы онан бе-
тер күшейеді. Мәселен, қызық кітап-
қа беріле оқығанда адамға кейбір бөг-
де тітіркендіргіштердің бөгет жаса-
майтыны, қайта олардың біздің ойы-
мыздың күшеюіне жәрдемдесетіні бай-
қалады. Сондықтан адам санасын (зе-
йінін) бағыттап, шоғырландырып кі-
тап оқыған кезде қасындағы бөгде ті-
тіркендіргіштерден (мысалы, сағат-
тың тықылы, соғуы секілді) қашпауы
керек.
Бұл біздің басқа нәрсеге кө-
ңіл аудармай үңіліп отырған әреке-
тімізге мейлінше беріле түсуімізге
жәрдемдеседі. Өйткені жоғарыда ай-
тылғандай мидағы басыңқы қозу әл-
сіз тітіркендіргіштерден болған қо-
зуларды өзіне тартып, солардың есе-
бінен күшейетіні зерттеулер негізінде
дәлелденген. А.А.Ухтомскийдің до-
минанта теориясының мәнін И.П.Пав-
ловтың «Қозудың оптималдық алабы»
деп аталатын тұжырымы онан сайын
толықтыра түседі.
ДОНДЕРС МОДЕЛІ
– Ф.К.Дон-
дерс (1818-1889) голланд офтальмо-
логымен
шығарылған тыныстану-
дың заңдылығын көрсететін тәжіри-
бе. Бұл тәжірибені жасау үшін түс-
сіз, аузы тар шиша алып, оған жұқа
резеңке керіп түп жасайды, аузына
Достарыңызбен бөлісу: