Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет170/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ДОСМ
ДОСМ


163
да, «аламандық бар жерде әлеуметші-
лік бола алмайды, әлеуметшіліксіз 
қазақта ұлт тiршiлiгi, ұлт мемлекеті 
болуы мүмкін емес» деуі де ғылы-
милығы жағынан терең тұжырым.
Халелдің психологияның әр жақты 
мәселелері мен байланысты айтқан 
басқа пікірлері де мазмұны жағынан 
терең. «Адамның табиғаттағы бір мі-
незі, – дейді ол, – ойын-сауық қуып, 
қызықтап кетуі. Ойнамайтын адам 
жоқ. Күлмеген адам – адам емес.
Салтымызға, тұрмысымызға қарай тү-
зелуге елімізде көп ойындар бар. 
«Халықтың құлқы, мінезі, ойы, – дей-
ді автор, өз пікірін әрмен қарай жал-
ғастырып, – заманындағы әдебиеті-
нен білінеді. Әдебиет – халықтың 
түрлі қимылдарының айнасы... Осы 
әдебиетті тексеріп отырсақ, қазақтың 
өткендегі құлқы, мінезі, заманында-
ғы күйiнiшi, сүйініші, арасында бол-
ған түрлі әлеуметтік қимылдары анық
сезіледі... Бұрынғы әдебиетпен та-
нысқанда қазақтың бойына біткен 
мінездің бірнеше түрі орасан ады-
райып тұр».
Ғұлама ғалымның психологиялық 
тұрғыдан ерекше назар аудартар ен-
дігі бір түйіні – ұлттық психология-
ның қалыптасуына қоғамдық орта-
ның, әсіресе ондағы әлеуметтік тәр-
биенің ықпалы жайлы мәселе. «Ұлт 
мемлекетін жасап, – деп жазды ол, –
қазақ арасынан әлеуметшілікті туғы-
замыз деген дәуірде тұрмыз. Жаңа 
әлеуметшілікті тура жолмен жасау
үшін елдің бұрынғы, соңғы әлеумет
мінездерін тексеру керек... Әлеу-
метшіліксіз қазақта ұлт тіршiлігі, ұлт
мемлекеті болуы мүмкін емес. Қазақ 
әлеуметшілігінің өткенін жөндеп тү-
сініп, әзіргі қалпын анық көріп, кемі-
сін болжай білу... – оқыған зиялыла-
рымызды мінеді... Оңды әлеуметші-
лік құру үшін елдің өткен-кеткен тұр-
мысын, бұрынғы болған әлеумет қи-
мылдарын тану керек».
Бұл түйіндерден оның ұлт (этнос) 
психологиясының іргелі мәселелері-
нің ерекше көңіл аударғанын бай-
қаймыз. Оның физиология мен пси-
хологияның көптеген терминдік 
атауларын төл тілімізде сонау жиыр-
масыншы жылдардың өзінде-ақ ірік-
теп, құрастырғаны белгілі болып 
отыр. Мәселен, оның «жүйке жүйесі» 
(нервная система), «жүйке талы» (не-
рвная волокна), «жүйке орталығы» 
(нервный центр), «жүйке түйіні» 
(нервный узел), «ерік» (воля), «сана» 
(сознание), «бырқыл» (лабиринт), 
«мишық» (мозжечок), «қозу» (воз-
буждение), т.б. осы іспеттес көптеген 
ғылыми атаулары күні бүгінге дейін 
өзгеріске түспей қолданып келеді.
Х.Досмұхамедұлы тіл, сөйлеу – адам 
психологиясының басты белгілерінің 
бірі екендігін ерекше атап өтеді. «Тіл –
жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген 
ел болмайды. Тілінен айрылған жұрт –
жойылған жұрт. Мектеп пен бала-
ның тілі дұрыс болса, елдің тілін көр-
кейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп 
пен баспада қолданудан қалған тіл –
шатасқан тіл. Ол ел – сорлы ел, мұн-
дай елдің тілі бұзылмай қалмайды... 
Ана тілін білмей тұрып, бөтенше 
сөйлесең – ол күйініш. Ана тілін жақ-
сы біліп тұрып, жақсы сөйлесу бұл 
сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат 
тілге еліктей беруі зор қате», – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет