164
ның қалыптасу кезеңінде өмір сүр-
ді. Өз заманындағы жорықтарға, Қы-
рым, Ноғайлы, Қазан хандықтары ара-
сындағы ұрыстарға қатысқан, бүкіл
Дешті-Қыпшақты жақсы білген, Стам-
бул мен Бақшасарайда да болған.
Д.ж. мұрасының дені жоғалған, ел
аузында,
жекелеген қолжазбаларда
сақталған туындылары 19 ғ. бас ке-
зінде әртүрлі жинақтарға енді. Сов.
тұсында «Алдаспан» антологиясын-
да (1971) оның табылған шығарма-
лары толық жарияланды. Д.ж. жыр-
ларынан оның ой-өрісі, мұрат-мақса-
ты, рухани өмірі, ғибраттық қағида-
лары, дүниеге
философиялық көз-
қарасы айқын аңғарылады. Жауынгер
жырау туындыларының рухы ескілі-
гіне, көркемдеу әдістерінің көнелі-
гіне қарамастан, көңілге әсер етерлік
терең, тілге орамды. Бұхар, Махамбет
жырларынан Д.ж. түркітайпалары-
ның арасындағы көп қақтығыстар-
дың бірінде, 1523 ж.
Астрахань ма-
ңында қаза тапты.
ДОСТЫҚ
– адамға, табиғатқа, жан-
жануарларға көрсетілетін ізгі іс-әре-
кет. Д. ынтымақпен, татулықпен не-
гізделеді. Д. – адамға, табиғатқа, жан-
жануарларға көрсетілетін міндеттерді
өтеудің белгісі деп те түсінуге бола-
ды. Д. психология ғылымында сезім
түсінігімен ұштасып, сол сезімнің жо-
ғары түрі ретінде қарастырылады.
Адамның әртүрлі жас ерекшеліктері-
не байланысты достық психологиясы
И.С.Конның еңбектерінде талданған.
ДУЛАТИ МҰХАММЕД ХАЙДАР
(1499-1551)
– орта ғасырдағы қазақ
ғалымы. Ұлы жүздің
Дулат тайпа-
сынан шыққан Мұхаммед Хайдар
Дулатидің «Тарихи Рашиди» («Ра-
шидтің тарихы») атты шежіресінде
сол кездегі
көшпелі қазақтардың өз
көршілерімен қарым-қатынасы, олар-
дың тыныс-тіршілігі суреттеледі. Осы
шығарманың қазақ тарихына қатыс-
ты тұстарын В.В.Веньяминов-Зернов
(1830-1904), сондай-ақ жекелеген
үзінділерін қазақтың белгілі тарих-
шысы С.Асфендияров (1889-1938) та
тәржімалаған. Шежіренің нұсқалары
Ленинград
пен Душанбе кітапхана-
ларында сақтаулы. «Тарихи Рашиди-
де» көтерілген басты мәселенің бі-
рі – Сейіт хан мен Мұхаммед Хайдар-
дың, Қасым ханның ордасында қонақ
болған кезінде сұхбаттасқан түрлі та-
қырып төңірегіндегі әңгімелері. Мұн-
да көшпелі дала тұрғындарының әдет-
ғұрып, әлеуметтік-психологиялық,
этнографиялық
ерекшеліктері сөз
болады. Мына төмендегі шағын
үзіндіде сол кездегі қазақ халқының
этностық ерекшелігі,
өзіндік психо-
логиясы жақсы көрсетілген: «...Біз –
даланың халқымыз, бізде сирек ұшы-
расатын, қымбат заттарымыз жоқ,
дүние жиһаздарымыз да көп болмай-
ды. Ең басты байлығымыз – жылқы,
оның еті мен терісі біздің ең тәуір
тамағымыз бен киіміміз...
жерімізде
бау-бақша да, ғимараттар да жоқ,
біздің көңіл көтеретін жеріміз – мал-
дың жайылымы мен жылқы үйірі,
сондықтан біз жылқыға көзіміз той-
май қызыға қарап тамашалаймыз...
Дала адамдарына жылқысыз өмір –
қараң қалған өмір... Біздегі ең кәусар
ішімдік жылқының сүті және одан жа-
салатын сусын – қымыз... егер де ме-
нің өтінішімді орындаудың ең жақ-
Достарыңызбен бөлісу: