168
қанын жазықсыз төгу. Күнәһарлық-
тың келесі бір түрі -зинақорлық, яғ-
ни ойнасқорлыққа салыну.
Күнәнің үлкен түрі
жетім-жесірлер-
дің мал-мүлкін иемденіп кету, сон-
дай-ақ қолдағы барды ысырап етіп,
орынсыз шашып-төгу. Соғыс дала-
сынан қашқан қорқақтар да күнәһар
болып табылады. Пайғамбар хадис-
терінде «соғыста шейіт болған адам
бар күнәсынан арылады» делінген.
Күнәнің енді бір түрі –
ата-ананы
тыңдамау, олардың тілін алмай зар
қаққызу. Тәнін таза ұстамайтындар да,
өздігінен тәртіпке бой ұсынбайтын-
дар да күнәһарлар болып табылады.
Әлеуметтік психология тұрғысынан
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ел бас-
шысына қоятын 10 шарты да ерек-
ше көңіл аударарлық. Бұлар: өзін
басқа
біреудің көзқарасы тұрғысы-
нан байқау, мұсылманшылықты ерек-
ше қадір тұту, сән-салтанатты қумау,
қарапайым адамның өмір салтын
ұстану, халыққа қатаң болып зәбір
көрсетпеу, өзіне деген халық наза-
рын қоздырмау,
елді қауіп-қатерге
орынсыз ұшыратпау, діндар адам-
дармен ақылдасу, дандайсушылық
пен жемқорлыққа салынып, халықты
өзінен үркітіп алмау,
әскер басшы-
лары мен уәзірлердің рахымсыздық
қасиеттеріне жол бермеу, ылғи да
келелі істің түбірі мен түйінін тауып,
көрегендік көрсету.
Екінші, үшінші шарттар дін өкілдері-
нің пікірлеріне құлақ түру, дүние-
мүлікті ағыл-тегіл ысырапқа ұшы-
ратпау, сән-салтанат қумау, қарапайым
адамның
тұрмыс-салтын ұстануға
келіп тірелсе, төртінші шарт халыққа
орынсыз қатаң болып, кез келгеннің
сөзіне ермеу, кедей-кепшікпен пікір-
лесуден арланбау, жеңілтектікке са-
лынбау сияқты этикалық мәселелер-
ді алға тартады.
Бесінші шартта Дулати «елбасы жар-
лық шығарарда әділдік пен ақиқатты
аттап, шариғатқа сыйыспайтын мә-
селені көтермеуі қажет», – дейді. Осы
жерде айта кететін бір жайт, Дағыстан
мен Шешен жұртында күрделі мәсе-
лелерді шешуде шариғатқа жүгіну
орын ала бастады. Бірақ Қазақстан
секілді әртүрлі
дін ағымдары бар
елде мұндай саясатты ұстау қиын.
Мұсылман елінің басшылары жұрт-
тың бәріне бірдей жаға бермейді. Сон-
да да болса Аллаға тіл тигізбей, оны
ылғи ауызға алып отырулары қажет.
Бесінші, алтыншы шарттарда елба-
сының халыққа қадірлі, құрметті бо-
луы оның елді қатерге ұшырататын
нәрселерді үнемі таразыға салып,
осыған
орай ішкі, сыртқы саясатты
дұрыс жүргізе білуіне байланысты
екені айтылады. Осы мәселенің ұлы
бабамыз Әбу-Насыр әл-Фарабидің
«Азаматтық саясат», «Бақытқа жету
жолында», «Мемлекеттік қайраткер-
дің афоризмдері» деген еңбектерін-
де де ерекше сөз болғаны белгілі.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің басшы
біткенге қоятын жетінші шарты –
беделді
кісілерді тауып, олардың
ақыл-кеңестерін тыңдауды әдетке
айналдыру.
Сегізінші шарт бойынша елбасы ба-
рынша қайырымды, әділетті болып,
жарлы-жақыбай,
кедей-кепшіктер-
ге жанашырлық көрсетсе, жұрт ара-
сындағы қадір-қасиеті артады.
Тоғызыншы, оныншы шарттарда
Дулати елбасының мәселенің түбірі
мен түйінін таба білу, бұларды ту-
дырған себептерді дұрыс талдай
Достарыңызбен бөлісу: