169
алу, болашақты
болжау қасиеттерін
меңзей келіп, карапайым адамдар-
ды жамандықтан, жеңілтектіктен,
жалақорлықтан, суайттықтан, т.б. ке-
леңсіз қасиеттерден сақтандырады.
Ол «тек
жеке бастың пайдасын ой-
лау, сайып келгенде, адамды жаман-
дық пен бақытсыздыққа душар ете-
ді», – дейді. Ел ішінде жақсы адам-
дармен қатар жауыздар мен қаскөй-
лердің кездесетінін еске салады. Яғ-
ни үнемі қатар жүретін жақсылық
пен жауыздықтың шайқасында түп-
тің түбінде әділдіктің жеңетініне кү-
мән келтірмейді.
Мұхаммед
Хайдар Дулати жақсы
өнеге қоғамдағы адамдардың бір-бі-
рімен қарым-қатынасы арқылы олар-
да жақсы адамгершілік қасиеттердің
қалыптасуына жәрдемдесетінін, діни
талапқа негізделе жүргізілген тәлім-
тәрбиелік шаралар ғана адамдарды
имандылыққа алып келетінін айта-
ды.
Оның ойынша, адам өзі басқа-
рып отырған елдің әдет-ғұрпын, салт-
сана, жөн-жоралғасын сақтай білме-
се, бұл оны қолайсыздыққа душар
етеді; ал ел арасындағы достық, жол-
дастық, іскерлік, бауырмалдық, туыс-
қандық қасиеттердің болуы адамдар-
ды
ынтымақ пен бірлікке, бірлесіп
өмір сүруге, ылғи да бейбітшілік сая-
сатты ұстануға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған шарттардың бә-
рі де кезінде Мұхаммед Хайдар Ду-
латидің өз басында болғаны даусыз.
Оның ел ішінде талас-тартысты, дау-
дамайды болдырмағаны,
мәселені
көз жұмбайлыққа салып асығыс ше-
шуден бойын аулақ ұстағаны байқа-
лады. Дулатидің ел басқарудағы тап-
қырлығы халықтың салт-дәстүрін,
әдет-ғұрпын сақтап, шариғатты қас-
терлеуіне байланысты екендігі хақ.
Адам жанының нәзік білгірі Мұхам-
мед Хайдар Дулати тұлға қасиеттері
туралы да сындарлы пікірлер айтып
кеткен. Адамның психологиялық
ерекшеліктері, нақты ілім-білімнің
сан саласына орай айтқан келелі тұ-
жырымдары тыңдаушысын өзіне бау-
рап алары сөзсіз. Ол
сондай-ақ, қа-
зақтың ұлттық психологиялық атау-
ларын жасауға да көңіл бөлген. Мә-
селен, аталған еңбектерде «Қылық»,
«Аңсар», «Таза ой», «Оңтай», «Қиял»,
«Шыдамдылық», «Ұшқыр сөз»,
«Амал» т.б. психологиялық мәнді тер-
миндер кездеседі. Олардың кейбірі
осы кезге
дейін қазақ психология-
сында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: