Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет228/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖОҒАРЫ СЕзІМДЕР – 
адамның 
қажеттіліктерімен және оны қа-
нағаттандыру мүмкіндіктерімен бай-
ланысты. Қажеттіліктердің сипаты-
на байланысты жай және жоғары 
сезімдер деп бөлінеді. Жай сезім-
дерге белгілі бір физиологиялық қа-
жеттіліктерді қанағаттандыру немесе 
қанағаттандырмаумен байланысты 
сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, 
аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну 
сияқты эмоциялық жағдайлармен 
байланысты сезімдер жатады. Жай 
сезімдердің ерекше биологиялық мә-
ні зор.
Олар бас ми алабына дене жағда-
йы туралы сигналдарды жеткізіп 
отырады: денсаулығы немесе ауру-
лығы, қарапайым қажеттіліктерді 
қанағаттандыру немесе қанағаттан-
дырмау туралы. Жоғары сезімдер 
адамның рухани дүниесін білдіреді 
және оны жеке тұлға анықтайды. 
Жоғары сезімдер рухани қажеттілік-
терді қанағаттандыру немесе қанағат-
тандырмау негізінде пайда болады. 
Жоғары сезімдер анық байқалатын 
қоғамдық сипатта болады және адам-
ның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақ-
тары мен құбылыстарына қатына-
сын білдіреді (моралдік, интелектуал-
дік және эстетикалық). Жоғары се-
зімдердің мазмұны, олардың бағыт-
тылығы адамның көзқарасымен, 
адамгершілік мінез-құлық ережеле-
рімен және эстетикалық бағалаулар-
мен анықталады. Жоғары сезімдер 
адамгершілік, эстетикалық және ин-
теллектуалдық болып бөлінеді. Адам-
гершілік сезімдер – қоғамдық өмір-
дің талабына сәйкес көрінетін адам-
ның жоғарғы сезімдерінің бір түрі. 
Бұлардың мазмұны да, құрылымы да 
өте күрделі.
Мұндай сезімдер тобына жолдастық, 
достық, махаббат, адамдық, шыншыл-
дық, ар-намыс, борыш, жауапкерші-
лік, елжандылық, ұят, ұлттық мақта-
ныш, қазақстандық патриотизм т.б. 
жатады. Адамгершілік (моралдік) се-
зімдер дегеніміз дүниедегі құбылыс-
тарды қабылдауда адамдардың көңіл
күйі және бұл құбылыстарды қоғам-
ның қалыптасқан ережелерімен са-
лыстыруды айтады. Бұл сезімдердің 
байқалуы көрсеткендей, адамдар адам-
гершілік талаптар мен ережелерді 
меңгереді. Адамгершілік талаптар қо-
ғамның тарихи дамуының үрдісінде 
оның дәстүрлеріне, салтына, дініне, 
идеологиясына және т.б. байланысты 
қалыптасады және өзгеріп отырады. 
Мысалы, ар-намысты қорғау, көбіне-
се қайсар, өжет, табанды, көздеген 
мақсатына жетпей тынбайтын адам-
дарда жиі байқалады.
Адамның өмір сүріп отырған қоға-
мы, оның нақтылы іс-әрекеті морал-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет