221
оның өмірімен, іс-әрекетімен пайда
болады.
Н.Г.Чернышевскийдің анықтамасы
бойынша, «Сұлулық дегеніміз – өмір».
Бізді қоршаған дүние және өмір онда
әр түрлі байқалады. Сондықтан да
адамның эстетикалық сезімдері ерек-
ше алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Эстетикалық сезімдер – пассивті ба-
қылап ғана қоймайды, сонымен қа-
тар олар адамның барлық іс-әреке-
тінің түрлерінде байқалады, олар
іс-әрекетті ынталандырып, белсен-
ділігін арттырады. Міне, эстетика-
лық сезімдердің тиімділігі, мәні осын-
да. Эстетикалық сезімдердің тама-
ша қайнар көздеріне – сазды, бей-
нелеу өнерін, поэзияны және т.б.
жатқызуға болады. Өнер шығарма-
ларын жасаудағы адамның шығар-
машылық қызметі негізінен эсте-
тикалық қажеттіліктер арқылы ын-
таландырылады. Өнер шығармалары
адамдардың санасына негізінен эсте-
тикалық сезімдер арқылы әсер етеді.
Өнер мен әдебиет шығармаларында
шындықты неғұрлым терең, толық
және әділетті бейнелесе, солғұрлым
адамдарда эстетикалық талғамды
көп қалыптастырады және бұл шы-
ғармалар эстетикалық көңіл күйдің
қайнар көзі және эстетикалық тәр-
биенің құралы ретінде бағаланады.
Эстетикалық сезімдерді қалыптас-
тыруда Абай мен Махамбеттің поэ-
зиясының, Құрманғазы мен Дәулет-
керейдің құдіретті күй өнерінің,
Ә.Қастеев пен О.Таңсықбаевтың бей-
нелеу өнері саласында қалдырған
тамаша туындыларынан эстетикалық
нәр аламыз, жас ұрпақтың эстетика-
лық қажеттілігін қанағаттандыруға
және олардың эстетикалық талғамын
дамытуға көмектеседі. Қазақ поэзия-
сының алыбы, гуманист-ақын Абай
адамгершілікті, сұлулықты, шынайы
махаббатты жырлады.
Ақын өзінің көңіл күйін, адамға,
өмірге деген қарым-қатынасын музы-
ка тілінде шебер бейнелейді. Ныса-
насына дөп тиетін өлең-сөздің небір
патшасын тудырған ақын-ән өнерін-
де де өнердің құдіретті күшін паш
етеді: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі
ой салар, Әнді сүйсең менше сүй».
Интеллектуалдық сезімдер – адамның
ақыл-ой іс-әрекетімен байланысты.
Интелектуалдық сезімдерге таң қалу,
әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану
сезімдерін жатқызуға болады. Интел-
лектуалдық сезімдер танымдық іс-
әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер
әртүрлі теориялық және практика-
лық мәселелерді қойғанда, міндеттер-
ді шешкенде, ғылыми жаңалық аш-
қанда, ойлап тапқанда, қандай да
болсын жаңаны меңгергенде және та-
нығанда пайда болады және көңіл
күйді білдіреді.
Теориялық және практикалық мін-
деттерді шешкенде адам ерекше жа-
ғымды сезімде болады. Бұл сезімді
бастан кешіргенде адам ерекше қуа-
ныш жағдайында, көңіл күйі, күш-
жігері көтеріңкі болады. Қанағаттану
және қанағаттанбау сезімі адамда өзі-
нің жеке интеллектуалдық үрдісінде
пайда болады. Белгілі міндетті ойда-
ғыдай шешуде қанағаттану сезімін
тудырады. Интеллектуалдық сезімдер
тек адамның таным іс-әрекетіне бай-
ланысты пайда болып қоймайды, ақыл-
ой үрдістерін дамыта отырып, соны-
мен қатар оларды ынталандырады,
ақыл-ой қызметін күшейте түседі,
Достарыңызбен бөлісу: