Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет231/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖОҒА
ЖОҒА


222
ойлаудың жылдамдығына, нәтижелі-
лігіне, білімнің мазмұнына және 
дәлдігіне әсер етеді. Мысалы, таң қа-
лу және әуестену сезімі адамды әр-
түрлі мәселелерді шешуге, одан да 
терең білімді меңгеруге итермелейді.
Таң қалу сезімі дәлелдеуді іздестіруге, 
өзіміздің ойымызды негіздеуге, пай-
да болған сұрақтарға дұрыс жауап-
тарын табуға итермелейді. Интеллек-
туалдық сезімдерге сонымен қатар
логикалық ойлаудың қанағаттанған-
дығын жатқызамыз, адамның ойы 
анықтылығымен, бірізділігімен, не-
гізделуімен ерекшеленеді. Керісінше, 
ойлаудың логикасы бұзылған жағ-
дайда, атап айтқанда, адам ойында 
анықтылық, бірізділік, негізделу бол-
мағанда, қарама-қайшылықтар кез-
дескенде адамда жағымсыз сезімдер 
пайда болады. Мысалы, өте жақсы 
оқылған лектордың, баяндамашының 
дәрісі, мәнерлі де тартымды сөйле-
ген сөзі жағымды сезімді туғызады. 
Тілдің грамматикалық ережелерін 
сақтамай, стилі жағынан өте ауыр, 
мазмұны жағынан тартымсыз лек-
тордың сөзі бізде жағымсыз сезімді 
шақырады.
ЖҰЛЫН
– орталық жүйке жүйесі-
нің төменгі бөліміне орналасқан 
(жуандығы бір сантиметірдей) омырт-
қа қуысының ішінде орналасқан, 
оның ұзындығы ересек адамдарда 
орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. 
Жұлынның ішкі жағында сұр зат 
орналасқан. Мұның көлденең кесін-
дісінің пішіні көбелектің бейнесіне 
ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын 
бұтақтарынан тұратын ақ затпен қор-
шалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп
жүйке талшықтары тарайды, олар-
дың бір тобы ортаға тебетін, екінші 
бір тобы – шетке тебетін жүйке 
деп аталады. Жұлын біздің саналы 
әрекетіміздің орталығы емес, ол қа-
рапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-
қолды бүгу, керіп-созу т.б.) жұмысын 
басқаратын орталық болып табыла-
ды. Мәселен, жаңа туылған нәресте 
емуге әрекеттенеді де, аузына сүт 
барғанда, оның сілекейі бөлінеді. Мұ-
ның бәрі жұлынның шартсыз реф-
лекстері, олар ағзада туылысынан 
беріледі.
ЖҰҒУ
(әлеуметтік психологияда) –
эмоциялық күйдің бір индивидтен 
екіншісіне берілу процесі; мағына-
лық әсердің өзінен не оған қосымша 
берілуден басқа, байланыстың пси-
хофизиологиялық деңгейде берілуі.
Әр түрлі ырықтылық дәрежесінде 
болуы мүмкін. Кері байланыс болған-
дай жағдайда жұғу циркулярлық 
реакция түріне түсіп, өзара индук-
ция күшімен ұлғая алады. Мұндай 
реакция әсерлі бұқаралық акциялар, 
шешендердің сөйлеуін, өнер туынды-
ларын жұртшылықтың қабылдауы 
және т.б. кезінде болады және қайсы-
бір оңтайлы қарқындылықтан асып 
кеткенге дейін қосымша топтастыру-
шы фактор болып қызмет етеді. Алай-
да бақылаудан шығып кеткен екі 
жақты жұғу ресми және бейресми 
нормативтік-рөлдік құрылымдардың 
ыдырауына және ұйымдасқан түрде 
өзара әрекеттесуші топтың қайсыбір 
түрдегі тобырға айналуына апарып 
соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет